AZATTYQ.ORG. «Ресей ракета базасын Қазақстанға жақындатпақ» - Ресей Қазақстанмен шектесетін аймағында алысқа атылатын зымыран базасын ашады. Сарапшылардың бірі бұл әрекетті «Қазақстанды қорғау» деп білсе, екіншісі «империялық саясат» деп таниды.
«Қазақстанның қалыс қалғаны үшін Назарбаевқа алғыс айтылды» - Әлеуметтік желілерде Украинаға симпатиясын көбірек аңғартатын қазақстандықтар БҰҰ-да Қырым референдумына қатысты үкімет ұстанған «қалыс қалу» позициясының өзіне шүкір десті.
«Зымыранның құлауы ауыл тұрғындарын дүрліктірді» - Батыс Қазақстанда зымыран құлаған соң қорғаныс министрлігі елдегі әскери алаңдарды пайдаланып, сынақ жүргізуді уақытша тоқтатты. Тұрғындар апат маңында сұйық зат төгілгенін айтады.
ALASHAINASY.KZ. «Қағазбасты ТМД ұйымы неге қауқарсыз?» - КСРО ыдыраған соң посткеңестік кеңістіктің проблемасын бірігіп шешу үшін ТМД ұйымы құрылды. Бірақ ол өз мақсатын қалтқысыз атқаруда әлсіздік танытқан тұстары аз болмай шықты.
«”Қосмекенділерді” Ресей секілді жазалай аламыз ба?» - Кеше Ресей Президент Владимир Путин қос азаматтығы бар азаматтарға қатаң жаза қолдануды ұсынды.
«Кедендік Одақ ортақ мүддеге жұмыла алды ма?» - Нақ қазір Кедендік үштіктегі Қазақстан, Ресей, Беларус елдері мұнай өнімдерінің сауда-саттығын шектейтін базалық келісімшартқа қол қоюды ойластыруда.
«Еркектер әйелдерден жезөкшелікті тартып алды» - Әйел заты ертеректе ерлерден шалбарды алса, осы күні ерлер әйелдерден жезөкшелікті тартып алды.
ABAI.KZ. «Қырым: кім ұтты? Ұтты ма?» - Соңғы кезеңде Украинада белең алған саяси дағдарыс бірінші кезекте ұлттық мемлекетті құрумен байланысты процесс.
MAIDAN.KZ «”Стан” мен ыштан: қайсысы бізге маңызды?» - Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еліміздің атауын уақыт өте келе «Қазақ елі» деп өзгерту мәселесін қарастыру керек шығар» деген атышулы сөзінің ел құлағын елең еткізгеніне бүгін тура 50 күн толды.
«Жемқорлық адамгершілікті де жалмайды» - Ұйымдасқан сыбайлас жемқорлықты билік басында отырған шенеуніктер, солармен ауыз жаласқан байшыкештермен біріге жасайды.
«Есіңді жи, қазақ!» - Қырым – орыстың да, украиннің де жері емес, түркі халықтарының ішіндегі қазаққа жақын Қырым татарларының жері.
AIKYN.KZ «Елге танымал 10 продюсер» - Соңғы 10-15 жыл көлемінде Қазақстанда шоу-бизнес саласы дамып келеді. Хақ тағаладан берілген бармақтай бақ пен таудай талап, азда болса талант, біршама қаражат және жақсы таныс болса отандық шоу-бизнестен ойып тұрып орын алуға болатын-ды.
TURKYSTAN.KZ. «Қорларды біріктіру – қиын іс» - Еліміздегі жекеменшік зейнетақы қорларының тағдыры былтыр түбегейлі шешілді.
«83 миллион теңгені жымқырған шенеунік» - Ел тірегі – экономика болса, экономиканың қозғаушы күші – ауыл шаруашылығы.
SKIFNEWS.KZ «Бас прокуратура бұрын неге ойланбаған?» - Өткен жылы республика жолдарында 2 мың 145 адам қайтыс болған екен. Ал осы жылдың 9 айындағы көрсеткіш – 2 мың 273 адам. 22 мың адам түрлі жарақат алған. Көрсеткіш Сириядағы адамдардың қайтыс болуы деңгейімен сәйкес келеді».
«Ойыншықты ойыншық көрмеңіз...» - Бүгінгі таңда балаға сыйлық ретінде ойыншық таңдау оңай дүние болмай тұр.