Атырау, 24 қараша 07:50
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Солтүстік Корея батыс жағалауында кемелердің жүзуіне тыйым салды

1 837 просмотра
КХДР елдің батыс жағалауы «кеме жүзуге тыйым салынған аумақ» дем мәлімдеп отыр. Ресейлік ИТАР-ТАСС агенттігі Оңтүстік кореяның Ренхап агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Сонымен бірге, агенттіктің хабарлауынша Пхеньян Корея Республикасына алдағы уақытта артиллериялық қарудан оқ шығарылатынын ескерткен. Кеме жүруіне тыйым салу көбінесе осындай әскери жаттығулар кезінде жарияланады», - делінген хабарламада.

Жопанияның NHK телеарнасының хабарлауынша, КХДР жексенбі күні шығыс жағалауында кеме жүзіп өтуіне тыйым салған, бұл Жапон теңізі акваториясында таяу арада зымыран сынағы өткізілетіндігін көрсетеді. Өткен аптада Пхеньян Сеулге Сары теңізде екі елдің теңіз шекарасын бұзған солтүстік корейліктерге қатысты оқиғаға қатаң жауап берітіндігін мәлімдеген еді.

Дереккөз: bnews.kz

31 наурыз 2014, 08:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.