Атырау, 27 қараша 00:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Мақатта Базаровты ұрлағандардың тағы біреуін соттайды

3 043 просмотра

Марат ИСМЕКОВ.Марат ИСМЕКОВ.

Таяу күндері Мақатта 2007 жылы Мақат кентінің тұрғыны Бақтыбай БАЗАРОВТЫ ұрлаған қылмыстық топқа қатысушылардың бірі Марат ИСМЕКОВТЫҢ соты басталады.

Естеріңізге салайық, өткен жылдың аяғында Базаровты ұрлауға қатысы бар бес адам - Азамат МҰҚАНОВ, Жеңіс БИҒАЛИЕВ, Қайрат ӨТЕБАЕВ, Самат АБДОЛЛОВ және Самат АМАНДӘУЛЕТОВКЕ Мақат аудандық соты ҚР ҚК 125-бабы, 2-бөлімі бойынша («Алдын ала сөз байласып адамдар тобымен адам ұрлау») 7 және 10 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазалары кесілген болатын.(«Адам ұрлау және кесілген жаза немесе бұрынғы мәжілісмен кімді жасырды»). Алайда, айыптау орындығында қылмыстық топтың басшысы Дамир ИСМУХАНОВ (кезінде Аманжан РЫСҚАЛИ өзіне қамқорлық көрсеткен) пен Марат ИСМЕКОВ болған жоқ, олар бой тасалап үлгерген болатын.

- Марат Исмеков жасырынып жүрген жерінен Астанада қаңтардың аяғында ұсталды, -дейді Мақат ауданы прокурорының орынбасары Досбол БАҒЫТЖАНОВ.  -Оның үстінен125-баптың 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Қазір оған қатысты тергеу ісі аяқталды, енді таяу күндері Мақатта сот ісі басталады. Ал Исмухановты іздестіру әлі жалғастырылуда. Өкінішке орай, ұрланған Бақтыбай Базаровтың тағдыры әзірге белгісіз болып қалып отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

29 наурыз 2014, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.