Атырау, 5 желтоқсан 08:39
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Украинадағы қару саудасы: шекарада тосқауыл бар ма?». «Әлемде мұнай бағасы құлдырап кетсе не боламыз?». «Ұлт патриоттары біртіндеп саптан шығып жатыр». «Құпия есепшоттардың күні бітті».«Тәуелсіздік саяси саудаға салынбайды».

3 066 рет қаралды

ALASHAINASY.KZ.  «Украинадағы қару саудасы: шекарада тосқауыл бар ма?» - Әңгімені Украинада басталық. Қазір мамандар бұл елдегі бейбіт акциямен басталған азаматтық қарсылық азаматтық соғысқа ұласып кетуі мүмкін екенін айтып жатыр.

«Әлемде мұнай бағасы құлдырап кетсе не боламыз?» - Таяу күндері АҚШ президенті Барак Обама Сауд Арабиясына ресми сапармен бармақшы. Мамандардың топшылауынша, Обама араб ханзадаларынан халықаралық нарықтағы мұнай бағасын төмендетуге ықпал етуді сұрамақшы.

«Банкті құртатын да, құтқаратын да Хакер...» - Компьютерлік технология дамыған сайын хакерлік те күш алып келеді. IT-сферадағы қылмыс қазір елімізге таңсық емес.

«Порноөнім қалтамызда жүр» - Заманауи техниканың дамуы, адамдарды бойкүйездікке, жалқаулыққа, оған деген басыбайлылыққа тәрбиелеп бара жатқандай...

AIKYN.KZ   «БАҚ дін тақырыбын қалай жазып жүр?» - Соңғы кезде БАҚ ұйымдасқан қылмысқа қатысқандардың қай дінге жататынын сұрастырып, оқиғадан діни астар іздеп әуреге түсетін болды. Міне, бұл сарапшылардың «бүгінгі БАҚ дін тақырыбын қалай жазып жүр?» деген сауалға берген бағасы.

«Көп тармақты саясаттың пайдасы үлкен» - Саясаттың көрігін қыздырып жүрген саясаттанушылар мен сарапшылар соңғы бірер аптада «Еуразиялық экономикалық одақтың болашағы қалай болмақ?» деген мәселенi сөз ете бастады.

ABAI.KZ.   «Өзбектің озық ұлт екенін кеш түсіндім» - Өзбектер әлемнің қай түкпірінде жүрмесін ешқандай ассимилияцияға ұшырамайды, өз ана тілін ұмытпайды, ата-бабасының салт-дәстүрін сақтайды, жермен жұмыс істей алады, еш уақытта бірден байып кетсем деп ойламайды, бір тиынды қанағат қылып, қыруар қаржы жасайды.

SERKE.ORG.   «Украина бәлеге ұшырады» - Украина өзінің шығыс шекарасында танктерге қарсы тұзақтар орнатып жатқан кезде, дүрліккен сарапшылар Еуропаға қарсы жаңа "темір шымылдықтың" құрылып жатқаны туралы айтып жатыр.

«Ұлт патриоттары біртіндеп саптан шығып жатыр» - Марат Тажин Мәскеуге кеткелі бері Айдос Сарым мен Мұхтар Тайжанның бұрынғы белсенділігі басылып қалғаны да байқалады.

MAIDAN.KZ    «Девальвация – теңгенің емес, қазақтың құнсыздануы» -  Ел қатарлы селт ете түстім. Бұл «Бәрі жақсы, керемет!» – деп арқамнан қағып алдаусыратқандар күтпеген жерден ту сыртымнан  пышақ сұққандай опасыз әрекет болды.

«Қирабаев қиратты» - Ұлттық құндылықтардың қиюы кетіп, ұлттық намыссыздық пен жан мүгедектігіне душар болсақ, өскелең ұрпақ кім болады деп күйзеліп алаңдаймын.

TURKYSTAN.KZ.    «Құпия есепшоттардың күні бітті» - Осындай сансыз сауалдардың жауабы біреу-ақ. Елімізде банктерден бүркеме атпен жасырын есепшот ашуға рұқсат берілген.

«Түркиядағы сайлау: саяси науқан қыза түсті» - Санаулы күннен кейін болатын сайлауда кім жеңіске жетеді? Халықтың басым бөлігі қай партияны қолдайды? Ердоғанның қарсыластары қандай мәселені басты қару еткен?

«”Араб көктемі” синдромы қайталана ма?» - Осыдан үш жыл бұрын ғаламдық саясатта қолданысқа енген «араб көктемі» термині әлі өзектілігін жоғалтпай тұр.

«Тәуелсіздік саяси саудаға салынбайды» - Гаагадағы жоғары мәртебелі кездесулер осыны айғақтаған.

JASQAZAQ.KZ.    «Ессіз “ертегі”» - «Естімеген елде көп» деген рас екен. Оралда ұрпақ тәрбиесіне сызат түсіретін әрекет қылаң берді. Нақтырақ айтсақ, 3-сынып оқушыларына біржынысты махаббат туралы ертегі оқытылып жатыр.

28 наурыз 2014, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.