AZATTYQ.ORG. «Еуразия Одағы шартының Қазақстанға ұнамайтын тұстары» - Биыл Қазақстан, Беларусь және Ресей Еуразия Одағын құру туралы келісім-шартты дайындау жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр.
«Судья Өтемісованың соты басталды» - «Кісі өлтіруге тапсырыс берушінің» ісі мен «бизнестегі рейдерлік» шуының ортасында қалған судьяның өзінің істі болуы Қазақстандағы сот тәуелсіздігі мәселесіне жаңаша назар аударды.
«Карл Бильдт: Киевті күшейту арқылы Мәскеуді әлсіретуге болады» - Швеция сыртқы істер министрі Ресейге ықпал ету амалын айтады. Оның сөзінше, санкциядан да маңызды нәрсе - Украинаға көмек көрсету.
«Тимошенконың жария болған телефон әңгімесі» - YouTube порталына жүктелген құпия телефон жазбасында қатты-қатты сөйлеген әйел адам украиналық танымал саясаткер Юлия Тимошенкоға ұқсайды. Алайда ол «таспаның көп жері өзгертілген» дейді.
ALASHAINASY.KZ. «Батыстың санкциясынан Ресей экономикасы қаншалықты зардап шегеді?» - Өткен жұмада АҚШ санкцияға ілінетін ресейлік тұлғалар тізімін кеңейтті. Оның ішінде олигарх Юрий Ковальчукпен бірге, оған тиесілі «Ресей» банкі де үлкен шектеуге бой ұрды. АҚШ-тың бұл қылғанына Путин мысқылмен жауап қатты.
«Қытай маманының қазақтан несі артық?» - Қазіргі әлемде әлеуметтік проблеманың ең өткірі – жұмыссыздық болса, екінші бір күрмеуі қиын мәселе – еңбек қатынастары. Дағдарыс дау-дамайға май құя түскендей.
«Қазақстан шекарасынан шықпай-ақ азаматтық алуға бола ма?» - «Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді». Екі кемені қайдам, жаһанданудың дәуірінде бір мезетте екі немесе үш елдің азаматтығын алып, бірнеше кеменің «құлағында ойнайтын» ұрпақ дүниеге келді.
ULT.KZ «Айдос Сарым, саясаттанушы: Путин "қиял әлемінде жүрген адам"» - Қазақ ұлтшылдарының жылдар бойы айтып келе жатқан сөздерінің, болжамдарының барлығы да іске асты.
AIKYN.KZ «Қазақтың ұтқаны не, ұмытқаны не?» - Газетіміздің соңғы екі жылында «Өмір өткелдері» айдарымен еліміздің қоғам қайраткерлері сөз алып, өз жүріп өткен өмір жолын әңгімелеп келеді. Байқағанымыз, ешкім де бағындырған биігіне оңайлықпен жетпеген. Өйткені өмір – күрес.
«Үрейлі мекен» - Әлемнің әрбір мемлекеттерінде, қалаларында, елді мекендерінде аңызға айналған үрейлі орындар бар. Ол үй, орман, шөл, сай, үңгір, арал немесе білдей бір қала болуы да мүмкін. Ондай қолайсыз мекендердің қазақ даласында да бары анық.
ABAI.KZ. «Халыққа хат, президентке дат!» - Мұның бәрін істеп жүрген мұнай басшыларының арасындағы арнайы топ болатын. Олар белсенді мұнайшыларды сабап, қорқытып, өлтіру арқылы мұнайшыларды билікке қарсы қойды.
SERKE.ORG. «Қазақстанды басқалар не үшін сыйлайды?» - Украинадағы және әлемнің өзге аймақтарындағы оқиғалар Қазақстанның түрлi векторлы саясаты мен iшкi тұрақтылығы қазiргi заманда бейбiтшiлiк пен тыныштықты сақтайтын ең басты факторлар екендiгiн көрсетiп отыр.
MAIDAN.KZ «Өзбек басшысы Кәрімовтың билігі шектелді» - Алатақиялы өзбек елі аяқасты әбігерге түсті. Билікті 24 жыл уысында ұстап келе жатқан президент Ислам Каримов өз өкілеттігін қысқартпақ. Яғни президентке тиесілі билік тізгінінің бір ұшын алдағы уақытта премьер-министр мен парламент ұстамақ.
«Жанболат Мамай:"Бүгінгі саясат түлкі болса, біз тазы болуымыз керек"» - Ақылды адам өзінің қатесінен емес, өзгенің тәжірибесінен сабақ алады деген сөз бар. Сол сияқты біз де Украинадағы жағдайдан ой түюіміз қажет. Фашистік Путин режимінің Қырымды тәуелсіз мемлекеттен тартып алуы – барлық халықаралық келісімдердің жойылғанын көрсетеді.