Атырау, 19 маусым 07:48
 бұлттыВ Атырау +24
$ 518.81
€ 596.27
₽ 6.63

«Қазақстанның Қырым жайлы мәлімдемесін әртүрлі жорыды». «Путиндік Ресей: “Украина саған айтам, Қазақстан сен тыңда”».«Мұхтар Тайжан саясаттан неге кетті?».«Көкпарға түскен Қырым». «Сенатор: “Үкіметтегілердің тең жартысы – миллиардер”».

4 524 рет қаралды

AZATTYQ.ORG.    «Қазақстанның Қырым жайлы мәлімдемесін әртүрлі жорыды» -Қазақстанның Қырымға қатысты ұстанымы әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Ал сарапшы «Астананың мәлімдемесі Қазақстанның Ресейге тәуелділігі артып бара жатқанын көрсетті» дейді.

«Доку Умаров кім?» - Ресейдегі қарулы исламшылдарға жақын веб-сайттың бірі шешен бүлікшілерінің басшысы Доку Умаровтың қаза тапқанын хабарлады. Шын-өтірігі әлі белгісіз. Ресей билігі де ақпаратты растамай отыр.

«Жоғалған ұшақты сақтандырушының бірі – қазақстандық компания» - Малайзияның жоғалып кеткен Boeing 777 ұшағын сақтандырған қазақстандық компания шығынның мөлшерін жобалап отыр.

«Қырым татарлары белсендісін азаптап өлтірген» - Белсенді Решат Әметовті өлтірмес бұрын азаптағаны анықталды. Бұл оқиға Қара теңіздегі түбекте тұратын мұсылман қауымы арасында үрей тудырды.

ALASHAINASY.KZ.   «Ресей мен АҚШ текетіресі әлемдік саясатқа қалай әсер етеді?» -Кеше АҚШ Сириямен дипломатиялық байланысын үзді. Себебі үш жарым жыл барысында 150 мыңға жуық адамның өмірін жалмаған Сириядағы азаматтық соғысқа әрең дегенде былтыр жазда нүкте қоюға ықпал еткен АҚШ пен Ресей бүгіндері Қырымдағы референдумға қатысты қайтадан дүрдараз боп тұр.

«Жапондар қазақтың қанына тәнті болып жүр» - Жеті атаға жетпей қыз алыспау қазақ тарихында жазылмаған заң болып қала беретіні анық. Әрі ғылыми жағынан да құптарлық-ақ.

«Вьетнамда соғысқан жалғыз қазақстандық» - Бұл соғыс жайында екінің бірі біле бермейтін. Иса ағамыз да оны тіс жарып, біреуге айта бермейді.

AIKYN.KZ   «Қазақтың төлқұжатына қол салған кім?» - Осыдан бір күн бұрын Алматы халықаралық әуежайы арқылы «Алматы – Гонконг» бағытындағы ұшаққа отырғызу басталып, жолаушыларды тексеру кезінде қос қытай азаматының қол жүгінен 300-ге жуық Қазақстанның төлқұжаты табылды.

«Аллергологияға қалай тосқауыл қоямыз?» - Барлық мемлекеттерде аллергиямен ауыратындар саны артуда, әсіресе, балалар арасында көп кездеседі. ДДҰ мәліметтері бойынша, дүниежүзінде бастапқы үшінші мыңжылдықта атопиямен ауыратын науқастар саны 40 пайызға жетті.

«Нысанаға іліккен нояндар» - 1994 жылдың 12 қаңтарында Нью-Йорктегі Брайтон-Бич көшесінде белгісіз біреу КСРО-ның атақты боксшысы Олег Коротаевты атып өлтірді.

ABAI.KZ.  «Путиндік Ресей: “Украина саған айтам, Қазақстан сен тыңда”» - Қырымдағы референдум Кремльдің тікелей араласуымен, саяси, ақпараттық, қаржылық және технологиялық көмегімен, қарулы әскерінің қысымымен арнайы түрде өте асығыстықпен, белден басу, қорқыту-үркіту, жаппай сатып алу арқылы апыл-ғұпыл ұйымдастырылған шара.

«Ұлт мәселесі саясатқа тіреліп тұр» - Арқалық қаласының әкімі болған белгілі саясаткер Берік Әбдіғалиұлы атқарушы биліктегі қызметінен кеткен сәтте оның «ұшынуына» ұлттық бағыттағы көзқарасы себеп болды деген сөз шыққан-ды.

SERKE.ORG.  «Ержан Өтембаев сот шешіміне наразылық білдірген жоқ» - Алтынбек Сәрсенбаев пен оның серіктерінің өліміне қатысты қайта қаралған сот шешіміне Ержан Өтембаев наразылық білдіріп, арызданған жоқ.

«Қайрат Нұртасты жұрт неге жақсы көреді?» - Халықтың ыстық ықыласына бөленіп, қазақ эстрада әншілерінің алдыңғы сапынан ойып тұрып орын алған Қайрат Нұртастың жоғары жетістіктерге жетуі кімді болсын қызықтырмай қоймайды.

MAIDAN.KZ    «Назарбаев Путинді қолдады ма?» - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады 16 наурызда РФ президенті әкімшілігінің kremlin.ru ресми сайты. Бірақ Ақорда тарапынан бұл жөнінде ресми мәлімдеме болмады.

TURKYSTAN.KZ.    «Мұхтар Тайжан саясаттан неге кетті?» - Жақында белгілі саясаткер-экономист Мұхтар Тайжан саясаттан кететіндігін мәлімдеді.

«Көкпарға түскен Қырым» -  Ресей озбырлығын тағы танытты. Путиннің көкірегін буған империялық өктемдік дегеніне жеткізді.

QAZAQUNI.KZ    «Сенатор: “Үкіметтегілердің тең жартысы – миллиардер”» - Біздің жебірлер миллион емес, миллиардтап қылғыта жұтса да, жұмырына жұқ болмай жүр. Судан құрғақ шығады…

20 наурыз 2014, 13:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.