AZATTYQ.ORG. «Кремль мен Ақ үйдің ақпараттық соғысы» - Путин мен Обаманың телефон сұхбаттары ондаған жылдардан кейін ғана жарияланады. Әзірге Ақ үй мен Кремль таратқан қасаң мәліметтерге қарап, екі тараптың ақпараттық соғысы қызып тұрғанын байқау қиын емес.
«Украина дағдарысы кезіндегі ЕО-мен әріптестік» - ЕО мен Қазақстанның ынтымақтастық нығайту келіссөзінің жаңа кезеңі аяқталып келеді. Саясаттанушы Толғанай Үмбеталиева «Украинадағы жағдай келіссөзге белгілі бір әсерін тигізеді» деп санайды.
«Еуразия Одағына қарсы белсенді “саясаттан кетті”» - Қоғамдық белсенді, кәсіпкер Мұхтар Тайжан «бизнесіне қысым күшейгесін белсенді саясаттан кететінін» мәлімдеді. Жергілікті сарапшы оны ұлтшыл-демократтардың жаңа буынына жатқызады.
«Путин мен Байденнің егесі» - Владимир Путин Думаға барып, Қырымның Ресей құрамына қосылғанын салтанатты түрде мәлімдеді. Польша премьер-министрі Дональд Тускпен кездесіп шыққан АҚШ вице-президенті Джозеф Байден бұған бірден жауап қатты.
ALASHAINASY.KZ. «Украинадағы жаңа биліктің тізгіні қай партияның қолына тиеді?» - Жалпы, мамандар Украина халқының саяси белсенділігін өте жоғары бағалайды.
«Қасақана өрт қою тыйыла ма?» - Былтырдан бері Алматы базарларының басынан «бұлт» кетпей қойғаны есте.
«Гүл бизнесі қашан гүлденеді?» - Гүл бизнесі табысты әрі тәуекелі көп сала. Сондықтан да бұл салаға тәуекел деп тас жұтқандар ғана болмаса, көпшілік жолай бермейді.
QAZAQUNI.KZ «Ақшадан тарыққан жігіттер жезөкше болып жүр» - 90-шы жылдардың басынан бастап елімізде көше бойын жағалап, тәнін саудалайтын жезөкшелер пайда болғаны белгілі. Содан бері, ары мен тәнін ақшаға сатқан қаракөздеріміз жайлы аз айтылып, аз жазылған жоқ.
«Зейнетақы мен жәрдемақы артады» - Бүгін Парламент Мәжілісі “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы” заң жобасын екі оқылымда мақұлдады.
ABAI.KZ. «Антиеуразиялық форум: Тәуелсіздікті тұғырынан тайдырмайық!» -Сарапшылар да, қарапайым халық та Еуразиялық одақтың астарында қатардағы проблема емес, ұлттың келешегі, мемлекеттілігіміздің сақталуы, еліміздің тәуелсіздігі мәселесі жатқанын айқын түсінді.
«Қырымды орыстың жері деу айтуға ұяларлық, сандырақ сөз» - Қазір Қазақстанда «Ресей мен Қазақстан–мәңгілік достар», «орыс пен қазақ бауырлас» деген сөздер ең көп айтылатын сөздің бірі. Бірақ тарихты қарап отырсаң, дәл сондай бауырластықты растайтын бірде-бір дерек жоқ.
QAMSHY.KZ «Қазақстан саясаты.”Мәңгіміз” бе, ләңгіміз бе?» - Соңғы кездері біздің билік басындағылар не істерлерін білмей, дағдарып қалған сияқты.
В Атырау +4