Атырау, 5 желтоқсан 08:39
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Ресейдің соғысқа әзірленіп жатқаны қаншалықты рас?». «”Қорғас ісі” соты азаптау жайлы шағымдармен аяқталып келеді». «Тарифті көтеруге тыйым салынды». «Әзімбай Ғали, саясаттанушы: Біздің тарих қазаққа келгенде, бұрмаланған тарих…».

2 387 рет қаралды

AZATTYQ.ORG.    «Ресейдің соғысқа әзірленіп жатқаны қаншалықты рас?» - Киевтің айтуынша, Ресей әскері Украина шекарасы маңына шоғырланып, елдің шығысынан шабуыл жасауға дайындалып жатыр. Мұны дәлелдей алатын қандай да бір айғақ бар ма?

«Путин-Назарбаев телефон әңгімесін Ақорда жарияламады» - Қырымдағы референдумнан соң Ресей президентінің сайтында жарияланған «референдумға оң баға беруші Путин-Назарбаев телефон әңгімесін» Ақорда әлі жарияламай отыр.

«”Қорғас ісі” соты азаптау жайлы шағымдармен аяқталып келеді» - Жемқорлыққа қарсы ең ірі қылмыстық іс материалдарымен танысу аяқталды. Бірақ «Қорғас ісі» бойынша сотталушылар алдын ала тергеу кезіндегі қысым мен азаптаулар туралы тағы мәлімдей бастады.

«Қырым Украинадан тәуелсіздігін жариялады» - Қырым парламенті 17 наурызда Украинадан тәуелсіздігін жариялап, Ресей құрамына кіруге өтініш білдірген қаулы қабылдады.

ALASHAINASY.KZ.   «Еуропа Ресей экспортынан бас тарта ала ма?» - Украинаның жаңа билігі мен әлемдік державалар Қырымдағы референдумның заңсыз екенін алға тартып отыр.

«Жер қатынастарын реттеу – кезек күттірмейтін мәселе» - Кезекті Халыққа Жолдауында Мемлекет басшысы Үкіметке Жер заңнамасын жетілдіруге қатысты бірнеше тапсырмалар бергені белгілі.

«Жалғыздық айға ғана жарасқан» - Жалғыздық деген бұрын қазаққа тән емес-тұғын. Бүгінде сопайып соқа басы ғана жүретін жандардың қатары көбейіп бара жатқандығы байқалады.

HALYKSOZI.KZ.   «Үрген ауыздың қабатынын ұмытпайық» - Қазақ жерінің тұтастығы мен тыныштығына сырттан сынай қарап отырып, сәті келсе, сына қағып қалуға тырысатындар бұл жолы маскасын сыпырып тастады.

AIKYN.KZ   «Тарифті көтеруге тыйым салынды» - Қазақстанда монополистердің тариф көтеруіне мораторий жарияланды. Бұл қадамға Үкімет теңгенің айырбас бағамының өзгеруіне байланысты барып отыр.

«Ең дұрыс жол – импорталмастырғыш» - Қазақстан ұзаққа созылатын ауыр дертті жұқтырғандай. Орайы келгенде айта кетейік, осындай дерттің алдын алу қажеттігін егемендіктің алғашқы кезеңінде-ақ Президентіміз ескерткен болатын.

JASQAZAQ.KZ.   «Сәкеннің соңғы суреті» - Бұл тағдырдың қысастығына не шара бар екен? Атаман Анненковтың азап вагонында талай ауыр бейнетті басынан кешіп, тар жол, тайғақ кешулерден өткен Сәкен Сейфуллиндей сұңқар ақынды оның өз қолымен орнатқан Кеңес өкіметі НКВД абақтысына қамап, көзіне көк шыбын үймелеткен ғой.

QAZAQUNI.KZ     «Әзімбай Ғали, саясаттанушы: Біздің тарих қазаққа келгенде, бұрмаланған тарих…» - Батыс бұл жолы саяси-экономикалық қысым көрсету арқылы Ресейдің бетін қайтарды.

«Тұрсынбек КӘКІШҰЛЫ, ғалым: “Шындықтың шырайын келтіріп айтпасақ, халықты тәрбиелеу қиын…”» - Наурыз мейрамын дұрыс тойлап жүрген жоқпыз. Тіпті, Наурыз мейрамының жұртымызға қайта оралуына, ұлттық мейрамдардың қатарына қосылуына өзім де атсалысқан едім.

18 наурыз 2014, 09:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.