Атырау, 17 маусым 00:12
 ашықВ Атырау +26
$ 512.44
€ 593.15
₽ 6.52

«Қарызға белшесінен батқан елміз». «Алматының әкімі кім болады?». «Тұрар Рысқұлов қазақ мүддесіне сатқындық жасады ма?». «Қырым: қару астында өткен референдум». «Қош, кредит-той!». «Қырым Референдумы – саяси ойын».

3 498 рет қаралды

ALASHAINASY.KZ.   «Украинадағы жаңа биліктің тізгіні қай партияның қолына тиеді?» - Жалпы, мамандар Украина халқының саяси белсенділігін өте жоғары бағалайды.

«Ресейдің айраны қазақтың қаймағын нарықтан ысырып жатыр» - Қазақстанда 90 пайыздан астам мал басы жекеменшіктің қолында болғандықтан, алынатын шикізаттың сапасы қайта өңдеуге және өнімдер шығару үшін тиісті талаптарға сай келмейді.

ULT.KZ    «Қарызға белшесінен батқан елміз» - 2014 жылдың тоғыз айындағы есеп бойынша, халықтың жан басына шаққанда Қазақстанның сыртқы қарызы (фирма аралық берешектерді қоспағанда) 4 мың 400 долларды құрады.

AIKYN.KZ   «Бұл мораторийдің ерекшелігі неде?» - Елбасы Н.Назарбаев биылғы жылдың 2 сәуірінен 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жарияланатынын мәлімдеді.

ABAI.KZ.  «Қырым Референдумы – саяси ойын» - 2014 жылы 16 наурызда Қырым Референдумы өтті. Бұл оқиғаны «қалай болмасын Қырым халқы  өз таңдауын жасады» деп қабылдайық.

«Алматының әкімі кім болады?» - «Демократиялық Қазақстан» қозғалысының белсенділері Алматы қаласының әкімі Дариға Назарбаева болса дейді.

«”Оралман” деген мәртебенің керегі жоқ. Оралса болды!» - Украинадағы дүрбелең мен Лимонов мәлімдемесінен бері Елбасы Н.Назарбаевта тыным жоқ.

SERKE.ORG.  «Тұрар Рысқұлов қазақ мүддесіне сатқындық жасады ма?» - Ұлт зиялыларының сол бір аласапыран замандағы пікір қайшылығы неде? Бұл сұрақтарға тарихшылар алдағы уақытта толымды жауап беруі тиіс.

«”Халықтық Альянс”: Тайжан кетті, Блялов келді» - Жиынға Мұхтар Тайжан қатысқан жоқ. Оның не үшін ауыстырылғанының себебі ашық айтылған жоқ.

MAIDAN.KZ    «Жауымыз жардың астында...» - Осыдан 2-3 жыл бұрын қазақтың электрондық сайттары мен порталдары қаптап пайда бола бастады. БАҚ саласында жүргесін біз де көштен қалыс қалмауға тырыстық.

«Қырым үшін жіберген қателік Ресейге аса қымбатқа түседі» - Кездесу барысында Обама АҚШ Украин жері территориясының тұтастығын мойындайтынын айта келіп, Ресей президенті Владимир Путинге басқа бағыт ұстануға кеңес берді.

TURKYSTAN.KZ.   «Мирзоянның қазаққа сіңірген еңбегі зор ма?» - Қала көшелерінің атауларын толық қазақшаландыра алмай отырмыз.

«Терроризм және экстремизм: Оған қарсы күресу оңай ма?» - «Еуразия әлемі» пікір-сайыс клубында терроризм мен экстремизм мәселесі сөз болды.

«Қырымдағы референдум: Кремльдің көздегені не?» - Бүкіл әлем Ресейді айыптады. Украинаның территориялық тұтастығына қол сұқты деп.

AZATTYQ.ORG.    «Қырым: қару астында өткен референдум» - Украина мен батыс елдері Қырымның мәртебесіне қатысты референдумды мойындамайтындарын айтады. Мәскеу «қырым сайлаушыларының таңдауын құрметтейтінін» мәлімдеді.

JASQAZAQ.KZ.   «Қош, кредит-той!» - Бірінші сəуірден бастап жұртшылыққа кредит беру тəсілі өзгереді. Ұлттық банк таяуда осындай шешім шығарды.

QAZAQUNI.KZ    «Қазақ жігіттері неге “гей” болуға құмарланып барады?!» - Алматы қаласының 30 жастағы тұрғыны Мақсат пен оның серігі қарым-қатынастарын жұрттан жасырмай өмір сүретін күн туса деп армандайды.

17 наурыз 2014, 09:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.