Атырау, 24 қараша 07:47
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстанда балаларды ломбардтар кепілдеме ретінде алады

2 479 просмотра

Аcтана. Qaznews.kz — Алатаудың арғы бетіндегі қырғыз ағайындар адам естімеген сұмдық жасап отыр. Пайыздық мөлшерлемені 180%-ға дейін апарып, оған кепіл ретінде балаларды алып жатыр, — деп хабарлайды ҚырТАГ қызметі.

Оңтүстікте ломбардтар мүлдем шектен шыққан. Олар кепілге жас балаларды алып, қарызды қайтарғанша оларды кері бермейді. Мұндай қызық ломбардтардың өз нотариустары бар көрінеді. Ол нотариусыңыз жұбайдың келісімін алмай-ақ, иесінің рұқсатымен көлік пен үйді дер кезінде рәсімдеп бере алады екен.

Жеті мен оң бес мың сомға дейін сатып алған патер бойынша бүгінде бұл ломбардтар миллиардтарға кеңеліп жатыр екен. Қырғыздың қарызгерлер комитетінің төрағасы Динара Назарқулова мәлімдеген бұл жаңалық кімді болмасын елеңдетері анық. Қазір бұл ломбардтың пайыздық мөлшерлемесі 160-180-ді құрап отыр. Тіпті, елдің Қаржы министрлігі мен Ұлттық банкі ерекше ломбардтардың жұмысын бақылауға алмай отыр. Талап бойынша олар тек алтын мен техниканы ғана алуы тиіс.

Ал кепілге құжат, жылжымайтын мүлік қойылатын. Қырғыздың қарызгерлер комитетінің төрағасы Динара Назарқулова бұл туралы: «Мен жақында Ыстықкөл облысымен жүріп, ломбардтар жұмысымен танысқан едім, онда болып жатқан бейберекетсіздікті көріп, жағамды ұстадым. Оларда кепілдеме ретінде үйдің де, көліктің де құжаттары, төлқұжаттар жатыр. Қаншама адамның қор болған өмірін-ай. Мәселен, Барсқоон ауылында қарызгер бір қызды қызды анасының оған қарызын өтей алмағандығы үшін зорлаған», — деп отыр.

«Өсімқорлық туралы заң мүлде жұмыс жасамайды. Доллармен несие алғандар американ валютасы курсының өсіміне байланысты қазіргі таңда негізгі соманың артынан қуып жете алар емес. Сондықтан Ұлттық банкіге ломбардтар микронесиелік компаниялар мәртебесіне өтіп, тиісті салығын төлесін деген өтінішпен жүгінеміз», — дейді ол.

Шынында қырғыздағы адам естімеген жайтқа ел билігі шектеу қоюы тиіс. Әйтпесе адамды кепілге қоятын ломбард қарыз қайтармағанда не істеуі мүмкін? Қызық…

Дереккөз: qaznews.kz

14 наурыз 2014, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.