Атырау, 14 мамыр 20:24
 ашықВ Атырау +13
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32

«Рубльдің әлсіреуі теңгеге қалай әсер етуі мүмкін?». «Қазақты тек қазақ қана қорғайды». «Әскер ықшам әрі ұтқыр болуға тиіс». «Расул Жұмалы: Қазақстанның ақпарат кеңістігі әлі күнге дейін Ресейдің бақылауында қалып отыр».

1 842 просмотра

ALASHAINASY.KZ.   «Рубльдің әлсіреуі теңгеге қалай әсер етуі мүмкін?» - Ендеше кешелі бері Ресейдің рублі тағы 10 пайызға құнсызданып рекордтық көрсеткішке дейін жетті.

«Жанжалдан басы арылмаған Арменияны Кедендік Одаққа енгізу негізді ме?» - Осы аптада Мәскеуде мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтіп, Ресей, Белоруссия және Қазақстан Президенттері интеграциялық ықпалдастықтың негізгі бағыттарын талқылады.

ZHEBE.COM   «Режеп Тайып Ердоған: “Мен саясаттан кетемін!”» - Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған  кеше осындай  мәлімдеме жасады. Алайда, ол  саясаттан кету үшін  бір шарт  қойып отыр.

«Қазақты тек қазақ қана қорғайды» - Ресейдің империялық саясаты асқынып отырғаны ешкімге жасырын емес.

«Теңгенің осыншалықты құнсыздануы – таза волюнтаризм...» - Теңгенің құнсыздануы. Парқын да нарқын да жоғалтқан қазақ теңгесі... Тізгінді ұстай алмаған Ұлттық банк....

AIKYN.KZ   «Әскер ықшам әрі ұтқыр болуға тиіс» - Әлем аумалы-төкпелі кезеңге килігіп, жаһаннан тыныштық кетіп тұрған қазіргі заманда Қарулы күштердің қуатты болғаны керек. Өкінішке қарай, коррупциялық жанжалдар қазақстандық әскери мекеменің қадірін арттырмайды. 

«Қайшы пікір айтуға тыйым салынады» - Қазақстанда судьяларға көпшілік алдында «саясат соғып», мемлекеттің ұстанымына қайшы келетін пікір айтуға заңмен тыйым салынады. Олар сондай-ақ әлі үкімі заңды күшіне енбеген істер бойынша да енді журналистерге түсініктеме бере алмайды.

HALYKSOZI.KZ.   «Расул Жұмалы: Қазақстанның ақпарат кеңістігі әлі күнге дейін Ресейдің бақылауында қалып отыр» - Украинада соңғы үш жарым айда болған оқиғалардың ең басты сабағы – билік басына халық келді.

«Арын абақтыға жабылды. Келесі кезек кімдікі?» - Апта ортасында Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арын «ірі көлемде ақша жымқырды, пара алды» деген күдікпен қамауға алынды.

«Мерекеде айтатын сөз емес еді...бірақ...» - Гендер дегеніміз әйелден еркек жасау деген сөз емес.

TURKYSTAN.KZ.    «”Сізбен сосын сөйлесеміз” Путин сұрақ қойды ма, әлде сұрақтарға жауап берді ме?» - Саясат сахнасындағылардың назары Симферопольге ауды.

«Әлем таныған тұлғалар» - Клара Эйсснер 1857 жылы 5 шілдеде саксондық Видерау қаласындағы шіркеу мектебі мұғалімінің отбасында дүниеге келген.

AZATTYQ.ORG.   «Батыстың Ресейге санкциясы Қазақстанға да әсер етеді» - Азаттыққа сұхбат берген қазақстандық сарапшы Украинадағы оқиғалар барысының Кеден Одағындағы елдерге қалай әсер етуі мүмкін екенін жорамалдайды.

«Балқанда Украинаға қатысты сан алуан пікір бар» - Кейбір сербтер «Батыстың екіжүзділігін» айыптап, Ресейдің Қырымдағы әрекетін қолдаса, бірқатар албандар мен босниялықтар «Еуромайдан» белсенділеріне жақтасады.

QAZAQUNI.KZ  «Ресейлік БАҚ-тың таралымына тыйым салынуы керек!» - Солтүстіктегі көршіміз Ресей Федерациясының аймағында тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарының таралымын Қазақстанда шектеу қоятын уақыт шегінен асып кетті.

7 наурыз 2014, 09:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.