AZATTYQ.ORG. «Ресейдің «отандастарын» қолдау саясаты» - Украинаға «шектеулі әскери контингент кіргізу» туралы шешім қабылдаған Ресей президенті Қырымдағы орыс тілді отандастарын қорғауды көздейтінін алға тартты.
«Қырымдағы "белгісіз" әскер кім, қайдан келді?» - Ақпанның 28-інен бері Украинаның Қырым түбегінде жүрген Ресей әскері туралы қауесет көп тарады.
«Путинді «есуас» көруші де, «айлакер» санаушы да бар» - «Ресей президентінің Украинаға жасаған агрессиялық әрекетінен соң сарапшылар «Путиннің не ойлағаны бар?», «Оған Батыс қалай жауап береді?» деген сауалдарға жауап іздейді.
«Қашаған мұнайын өндіру қашан басталатыны белгісіз» - Қашаған кенішінен мұнай өндіру жұмыстарын қайта бастау мерзімі созылып кетті. Билік енді «Қазақстан әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші елдер ондығына кіреді» деген болжамын да тартына айтатын болды.
ABAI.KZ. «Ресей полигондары: Халық - үкімет үшін есепте жоқ, қой тәрізді» - Соңғы оншақты жыл ішінде қазақ жерінде мекендейтін сирек жануарлардың жаппай қырылуы жиі орын ала бастады.
«Қазақ Ұлттық Кеңесі: Ресейдің бүгінгі солақай саясатына жол беруге болмайды!» - Ресей Украинаға қарсы басқыншылық саясат ұстанып отыр. Украина осы уақытқа дейін халықаралық деңгейде мойындалған, шекарасы бекітілген тәуелсіз мемлекет. Қырымды Украинадан бөліп қарауға болмайды. Қазіргі Украинадағы жағдай олардың ішкі шаруасы. Ресейдің «біз орыстілділердің құқығын қорғаймыз» деп Қырымға өз саясатын жүргізуді көксеуі ешқандай халықаралық нормаға сыймайды.
ALASHAINASY.KZ. «Шумахер» шофер, «бұлбұл» билетші» - Осыдан ілгері бірнеше рет қала тұрғындары редакциямызға қоңырау шалып, қоғамдық көліктердің аялдамаларға белгіленген уақытынан кешігіп келетіндігі, тіпті, кей аялдамаларға тоқтамай өте шығатындығы туралы мәлім еткен болатын. Шындығында, қақаған аязда далада бірнеше минут аялдаудың өзі мұң болып тұрған шақта, сағаттап автобус күткен жолаушының бұл өкпесі орынды-ақ.
«Еуропалық Одақ Ресейге санкция жариялай ала ма?» - Осы аптада Еуропалық Одаққа мүше елдердің сыртқы істер министрлері Брюсселде кезектен тыс бас қосу өткізіп, Қырымдағы жағдайларды талқыламақ. Бұл кездесу барысында ЕО қандай қадамдарға бара алуы мүмкін? ЕО тарапы Ресейге қарсы нақты шешімге келіп, визаға шектеу қою, Ресей ауқаттыларының банк шоттарын құлыптау немесе ресейлік компаниялардың қаржы қызметтері мен қор биржасына енуіне тыйым салу сияқты шаралар қолдана ала ма?
SERKE.ORG. «Рахат Әлиев Қажыгелдиннің оққағарын қалай ұрып-соқты?» - Қазақстанның экс-премьері Әкежан Қажыгелдиннің бұрынғы оққағарлары Петр Афанасенко мен Сәтжан Ыбыраев (суретте) өздерін Рахат Әлиевтің ұрып-соққаны жөнінде Мальта сотына екінші рет арызданды. Олардың Рахат Әлиевтің қыр соңына түсіп алуының себебі бар. Рахат Әлиев оларды төрт ай бойы қамауда ұстап, зорлық көрсеткен, ұрып-соғып, қинап, өлтіремін деп әбден қорқытқан. Осы қорлық өтіп кетсе керек, олар Әлиевтен есесін қайтармақшы.
«Мальтада Рахат Әлиевтің дүние-мүлкі мен есепшоттары құрсауланды» - Мальтада Рахат Әлиевтің активтері мен банктегі есепшоттары құрсауланды деп жазады Malta Today. Есепшоттарды тоқтатуға елдің қылмыстық соты берген ордер оның оффшорлық компаниялары мен қазіргі әйелі Эльнара Шоразға да қатысты. Соттың шешімімен Рахат Әлиев, оның зайыбы және аталған фирмалар кез келген жылжитын және жылжымайтын мүліктерін үшінші тұлғаларға сата алмайтын болды.
«Футбол командасының бас бапкері Қазақстанның киімін менсінбей жүр» - Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Литва құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, тең түсті. Осы ойыннан соң жаңа бас бапкеріміз Қазақстан құрамасының бірыңғай киім үлгісін кимей сұхбат берді.
QAMSHY.KZ. «Қазақстан бүгіннен бастап Ресей боданы болғаны ма?» - Соңғы жаңалықтарға қарағанда, Ресейдің әскери полициясы тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде жасақталып жатыр. Мәселен, 05 наурыз күні АЗАТТЫҚ радиосы төмендегі ақпаратты жариялады: «Ресейдің Қазақстандағы әскери бөлімдерінде әскери полиция бөлімшелері құрылып жатыр деп хабарлайды бүгін Ресей қорғаныс күштері Орталық әскери округінің баспасөз қызметі».
TURKYSTAN.KZ. «Ресей мен АҚШ біздің қауіпсіздігімізге кепіл бола алмай ма?» - www.censor.net.ua сайты Ресей мен АҚШ арасындағы Беларусь, Украина және Қазақстанның қауіпсіздігіне бұдан былай кепіл болмайтындығы жайындағы 2010 жылы сәуірдің 4-індегі ақпаратты жаңғыртып отыр. Онда Ресей Федерациясы мен Америка Құрама штаттарының арасында жаңа келісім-шартқа қол қойылғандығы жазылған. Бұл келісім шарт бойынша әлемнің аяқ алысын аңдып, жұртты уысында ұстап отырған алып екі империя посткеңестік кеңістікте жаңадан бой көтерген тәуелсіз мемлекеттердің ядролық қарудан бас тартып, тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне алаңдамауына болады, алайда олардың қауіпсіздігіне аталған екі империя кепілдік бере алмайды.
AIKYN.KZ. «Кәсіпкерлерге «қалғуға» болмайды» - Қазақстандық бизнесмендер масыл болып барады.Үкіметтің кешегі отырысында Премьер оларға өкпесін айтты.Мемлекет бақылаушы органдардың «ревизорлық» сапарларына тыйым салды.Оларды ұзақ мерзімді несиемен қамту үшін Ұлттық қордан триллион теңге бағытталуда.
В Атырау +4