AZATTYQ.ORG. «”Салымшылар дүрбелеңін тудырған адамның” мүлкі тәркіленеді» - Қазақстандық үш банктің «банкротқа ұшырауы» туралы жалған СМС жолдады деп айыпталған адамның дүние-мүлкі қамауға алынды. Арандату кесірінен ондаған миллиард теңгенің шығыны келген.
«Ресей Қазақстандағы полигонына "Тополь" зымыранын атты» - Ресей Қазақстандағы "Сарышаған" полигонына баллистикалық зымыран атты. Ресей мәліметі бойынша, "зымыран полигондағы шартты нысанаға тиген".
«Forbes тізіміне Қазақстаннан бұрынғы бес миллиардер тағы кірді» - Forbes журналы әлемнің ең бай адамдарының жыл сайынғы тізімін жариялады. Тізімге кірген бес қазақстандықтың ішінде жаңа есім жоқ.
ALASHAINASY.KZ. «Ресеймен біріккен отандық кәсіпорындарды не күтіп тұр?» - Ресейдегі жағдай нақ бүгін баршаға белгілі. Ұлттық валютасы арзандап, құнды қағаздар нарығы құлап, сырттан тартылар инвестиция көлемінің азаю қаупі басымдық танытып, Ресей бүгінде дағдарып тұр.
«Теңге қайта түзіле ме?» - АҚШ-тың Ресейге санкция жариялауы долларға деген сұранысты төмендетеді.
«Сокуров деген сыңаржақтың көздегені не?» - Ресей Федерациясына еңбек сіңірген өнер қайраткері, орыстың белгілі кинорежиссері Александр Сокуров тағы да «бүйректен сирақ» шығарды. Ол Украинаны мысалға келтіре отырып, қазақ еліндегі орыстілділердің «аса ауыр» жағдайына тоқталған.
«Ресейге қолданылуы мүмкін санкция Кеден одағына қалай әсер етеді?» - Ресейлік компаниялар бір күнде 2,5 трииллион рубль (!), яғни шамамен 70 млрд доллар капиталдан айырылды.
«Ресейдің қор нарығында құлдырау басталды, бұдан бізге келер қауіп бар ма?» - Кешелі-бүгін Ресейдің қор нарығында құлдырау басталды. Шикізат компаниялары мен банктерінің акцияларының құны түсе бастады.
«Ресей шоу-бизнесін не күтіп тұр?» - Соңғы күндері Украинада орын алған жағдайларға байланысты АҚШ билігі бүгіннен бастап Ресейге қатысты экономикалық, әскери ытымақтастық, Ресей азаматтарына қатысты визалық шектеулер, халықаралық деңгейдегі қысқа және ұзақ мерзімге арналған кейбір келіссөздерді жүргізуге санкция жариялауын бастап кеп жіберді.
ABAI.KZ. «Омбы - қазақтың қаласы, қазақтың жері!» - Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың Ресей Федерациясының Омбы қаласында өткізген концерті жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының тақырыбына айналған.
«Асылжан Мамытбеков Президент тапсырмасын неге ескермейді?» - Асылжан Мамытбеков Астанадағы 12 мыңнан астам адамы бар университет жұмысына кедергі келтіруде!
SERKE.ORG. «Ресейге Қырым түбегі не үшін қажет?» - Киевтің Майданынан бастау алған Украина мен Ресей арасындағы текетірестің бұған дейін ашық айтылмаған түпкі себебі айқындалып келеді. Ол - Қырым түбегі, яғни Қара теңіз үшін күрес.
QAMSHY.KZ «30 елдің қатарына да «мерзімінен бұрын» кіреміз бе?» - Көзбояушылықтың көкесін Үкімет көрсетті.