Атырау, 19 желтоқсан 06:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қазақстан Ресейдің Украинадағы әрекетін бағалауға асықпады». «Украинаны не тосып тұр?». «М. Шоқай туралы тарихи ақиқатқа баға берілер мезгіл жетті». «Кәсіпкерліктің құқықтық қорғалуы күшейтілді». «Несие бәріне қажет, бірақ…».

1 980 просмотра

AZATTYQ.ORG.  «Қазақстан Ресейдің Украинадағы әрекетін бағалауға асықпады» - Жергілікті сарапшылар президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «әліптің артын бағу» саясатына қатысты пікір білдірді.

ABAI.KZ.   «Қазақ «ата жауын» атасындай көріп жүр» - Жалпы жұртқа топырақ шашқымыз келмейді, бірақ, «орман» атанған орыстың өзге жұртқа емес, тура қазақтың өзіне істегенін там-тұмдап қана санамалап көрейікші.

«Соғыс: Халықаралық кепілдеме орындала ма?» - Украина атомнан өз еркімен бас тартқан ел. Енді сол кездегі халықаралық келісім бойынша, БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің міндеттерін мойындарына алған мемлекеттер   қарап отырмауы  керек. АҚШ келмесе, Украинаны Ресей жаулап алады.

ALASHAINASY.KZ.   «Украинаны не тосып тұр?» - Украинадағы шиеленіс ең шарықтау шегіне жетті. Өткен сенбіде Ресей Федерациялар кеңесі Украинаға әскер кіргізу туралы ұсынысты бір ауыздан қолдап жіберді.

«М. Шоқай туралы тарихи ақиқатқа баға берілер мезгіл жетті» - Тәуелсіздік алғалы бері толық зерттеліп, тұлғасы кейінгі ұрпақ үшін терең танылып болмаған ұлт кемеңгерінің бірі Мұстафа Шоқай.

MAIDAN.KZ    «Украина төңкерісіне қазақ даласынан көзқарас» - Украина төңкерісі талай шындықты ашып берді.

«Орыс Украинаны украин халқының қолымен жаулауда» - Ресейдің Украинаға әскер кіргізу туралы шешімі бір жағынан қажеттіліктен болды.

ZHEBE.COM  «Украинаға қатысты жағдай посткеңестік кеңістіктің күйрегенін көрсетеді» - Ресейдің Украинаға әскер кіргізбек ниеті  бүгінде көптеген сарапшыларды алаңдатып отыр.

SKIFNEWS.KZ   «Кәсіпкерліктің құқықтық қорғалуы күшейтілді» - Елімізде бизнес жүргізу шартын жақсарту туралы заң жобасы биыл жыл аяғында қабылдануы мүмкін.

QAZAQUNI.KZ    «Несие бәріне қажет, бірақ…» - Несие бәріне қажет, бірақ...Әңгіме тұтыну несиелері жайында.

«Әншілер тележүргізуші болып, телеөнімнің сапасын түсіріп жүр» - Соңғы 8-10 жылда отандық телеарналардағы бағдарламаларды әншілер, мамандығы көпшілікке беймәлім депутаттар, әртістер мен шоу-мендер жүргізетін болып жүр.

 

 

 

 

          

4 наурыз 2014, 08:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.