AZATTYQ.ORG. «Ұлттық банк соңғы екі девальвация себебін қалай түсіндірді?» - Соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда теңге екі мәрте күрт құнсызданды. Ұлттық банк екі жағдайда да девальвацияның себебін әлемдік экономикадағы дағдарыс салдары деп түсіндірді.
«СССР құларда эко-белсенділік шектелген жоқ» - Ақпанның 28-і халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының құрылғанына 25 жыл болады.
MASA.KZ «Янукович: Баспасөз мәсилихатын өткіземін...» - Украинаның Жоғары Радасы тағынан тайдырған, бүгінде қашқын Янукович 2014 ж 28 ақпанында, Астана уақыты бойынша кешкі сағат 19.00 Дондағы Ростовта баспасөз мәслихатын өткізеді екен деген хабар тарады.
«Біз қайда барамыз, ағайын?» - Тізе берсек ұлтымыздың ұлылығына, еліміздің елдігіне, халқымыздың тазалығына кір келтіретін, абыройын төгетін, намысын таптайтын зұлым әрекеттер барған сайын көбейіп барады.
TURKYSTAN.KZ. «Қаржыны ұқсата алмаған шенеуніктер қызметтен қуылады» - Егер ұсыныс қолдау тапса, бірнеше жоғары шенді жұмсақ орындықтарымен қош айтысады. Бұл жаза қызметіне жауапкершілікпен қарамайтын шенділерге сабақ болса игі.
«ЕурАзЭҚ-мен келісімшарт жасаудың қажеті қанша?» - Қазақстанға кенеше жабысып, абыройы мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіріп жүрген саясаткер және актерсымақ, жазушысымақ та бар.
«Қырымды орыстар басып алды ма?» - Татарлар Украинаны қолдаса, орыстар Ресейге қосылғысы келеді.
AIKYN.KZ «Екінің бірі несие ала алмайды» - Әңгіме тұтыну несиелері жайында.Ұлттық банк пруденциалық нормативті қысқарту арқылы тұтыну несиелері өсуіне тосқауыл қоюды жоспарлауда.
«Туризмнен түсетін табыс мол» - Әлемдік көрсеткішке көз салсақ, елге халықты тартудың тағы бір төте жолы туризмде жатыр.
NUR.KZ «Отандық компаниялардың рейтингі жарияланды» - ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-ның брифингінде "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев отандық компаниялардың рейтингі туралы деректерді мәлімдеді.
QAZAQUNI.KZ «“Темір тұлпарлыларға” жаза күшейді» - Елді елеңдеткен, «темір тұлпарлы» қазақстандықтарды алаңдатқан «Жол жүрісі туралы» жаңа заң жобасы «қабылдаудың соңғы сатысына» шықты.
«Жігіттердің намысы қайда?!» - Басы төрге ғана лайықты қазақ жігіттері қатынның лыпасын басына кигені намысы бар азаматтың жанына тимей қоймас.
ZHASALASH.KZ. «Украинаның келесi президентi кiм?» - Оппозицияның қазiргi серкелерiнiң iшiнде кiмнiң мүмкiндiгi зор? Әлде жаңа тұлға бой көрсете ме?
«Шеңгелдiде адам өлтiргендер жазаланды» - 2013 жылғы 19 тамызда Алматы облысының Шеңгелдi ауылында қазақ жастары мен шешен жiгiттерiнiң арасында қақтығыс болып, соның салдарынан екi қазақ жiгiтi оққа ұшқан едi. Осы қылмыстық оқиғаға байланысты сот шешiм шығарды.
«Мемлекеттiң қалай аталуы керектiгiн мемлекет басшысы ғана шешпейдi» - Ол – халықтың талдауын, таңдауын талап ететiн өте өзектi, аса маңызды мәселе.
«Уақытында айтпаған шындықтың қадiрi жоқ» - Танымал тележурналист Қасым Аманжол жүргiзген, қалың қауым әлi күнге тамсана айтып жүрген “Шынның жүзiнде” Алтынбек Сәрсенбайұлы да ашық әңгiмеге қатысқан едi.