Атырау, 19 желтоқсан 06:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Ресейдің бірнеше мемлекетке бөлінуі мүмкін бе?». «Жириновский Қазақ-Ресей қарым-қатынасына қалай әсер етті?!». «Мемлекеттік тілге қарсы шыққан парламент таратылуы тиіс!». «Теңге халықтың сенімінен айырылды. Неге?». «Қашағанның тағдыры қыл үстінде».

3 246 просмотра

ALASHAINASY.KZ.  «Ресейдің бірнеше мемлекетке бөлінуі мүмкін бе?» -    Кеңестер Одағы ыдырағалы бері Ресей өзінің ықпалындағы біраз елден айрылып қалды.

«Жалған диагнозбен балаларды шетел асырған» - Елімізде бала асырап алу төңірегіндегі біраз былықшылық бар екені белгілі болды.

«Қазақ баласы «кім» болып ойнап жүр?» - Телефон мен теледидар пультін өзі басып, меңгеріп алса, «баламыз заманауи болып өсіп келеді, техникаға жетік» деп мәз болатынды шығардық.

«Қыз алмай қашу» - Қазір кім көп, әкесіз өсіп жатқан бала көп. Бұрын ауылда оң жақта отырып бала табудың өзі өлімнен күшті ұят саналса, қазір жар құшпай жатып-ақ, құрсақ көтеріп қою деген  одан да сорақы іс шықты.

ABAI.KZ.   «Еуромайданның екі сабағы» - Айтайын дегенім, мұны өздеріңіз де байқап отырсыздар, Киевтегі майданды тұтатқан ішкі я сыртқы жаулар емес, оған кәдуілгі қайран тіл «кінәлі»!

«Мемлекеттік тілге қарсы шыққан парламент таратылуы тиіс!» - Өйткені содан бері табаны күректей он жыл өтсе де мемлекеттік тілге барынша қарсы адамдар Мәжіліс пен Сенатта отыр.

SERKE.ORG.  «Теңге халықтың сенімінен айырылды. Неге?» - Әлемдік қаржы дағдарысы басталғалы 7 жылға таяды. Осынау қиындық пен қатерге толы қалт-құлт еткен жылдарда қазақ билігінен де береке кетті.

«Қайдасың, Янукович?» - Украина бұрынғы президенті  Виктор Януковичті іздеп, таппай жатыр. Киевтегі төңкерістен кейін оның Харьков қаласына барғаны белгілі.

AIKYN.KZ   «Сандырақ сананы улайды» - Жынды десең, сотқа тартуы мүмкін, сондықтан жырынды дейікші. Жырынды Жириновский сөйледі. Сөйлегенде бүй деді: – Біз сендерге бостандық бердік. Сол не болды? Бас-бастарыңа би болғыларың келеді.

QAMSHY.KZ  «Қашағанның тағдыры қыл үстінде» - Қашаған кен орнында мұнай өндіру жұмысын қалпына келтірудің нақты мерзімі белгісіз.

TURKYSTAN.KZ.   «Қарнымыздың ашқанына емес, қадіріміздің қашқанына жылаймыз...» - «Еларна» 1-наурыздан бастап жабылады.

«Тимошенко сайлауға қатыса ма?» - Юлия Тимошенко Харковьтегі ауруханадан шыға сала, Жоғарғы Радаға емес, майданға жол тартты.

QAZAQUNI.KZ    «Жириновский Қазақ-Ресей қарым-қатынасына қалай әсер етті?!» - Ресей Сыртқы істер министрлігінің мамандары Мемлекеттік дума депутаты, ЛДПР лидері Владимир Жириновскийдің Орттазиялық округ құру туралы мәлімдемесіне түсінік берді.

26 ақпан 2014, 08:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.