Атырау, 3 мамыр 14:55
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

«"Болотный ісі" бойынша сегіз адам сотталды». «Аслан Мусин қайда жүр?». «Ел есепке сенбейді». «Жырынды Жириновский қайта құтырды». «Бiр адамның қолындағы билiктi алдап алуға да, тартып алуға да болады...».

2 519 просмотра

AZATTYQ.ORG.   «"Болотный ісі" бойынша сегіз адам сотталды» - Сот отырысынан соң адвокат Дмитрий Аграновскийдің айтуынша, үкім прокурор талап еткен жазадан әлдеқайда жеңіл.

«Кеден Одағының салқыны Daewoo-ге де жетті» - Өзбекстанда жасалған Daewoo көлігін Қазақстанға әкелуге тыйым салынғаны расталды.

SERKE.ORG.  «Қазақ елі өзін қашан етпен қамтамасыз етеді?» - Осыдан үш жыл бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылға дейін экспортқа ет шығаруды 60 мың тоннаға дейін жеткізу туралы Үкіметтің алдына міндет қойған еді.

«Оспанқұлов Астанаға барып та оңдыра қоймаған екен...» - Ұзынқұлақтан естуімізше, Оспанқұлов бір кездері сенат депутаты Қуаныш Сұлтановтың көмекшісі болғанға ұқсайды.

MAIDAN.KZ      «Аслан Мусин қайда жүр?» - Бізге ақпарат берген дереккөздің айтуы бойынша, бүгінде Мусин мемлекеттік қызметтен күдерін үзіп, өзінің Ақтөбедегі үйінде жүрген көрінеді.

«Үй ішінен үй тіккен Назарбаев мектептері жөнінде не білеміз?» - Біздің биліктің білім саласына деген бейілі ала-құла. Әншейінде халықтың айлығын көтеруді көпсініп, өйтіп-бүйтіп ақталып құтылатын, ақшаға келгенде аямшақ үкімет биылғы жылдың бюджетінде оқу-білім саласына – 461,67 млрд. теңге қарастырыпты.

ABAI.KZ.   «Шахановты “залалсыздандырудың” амалы» - Биліктің ең басты қорқатыны – қай күні басы біріксе, сол күні «Ата-баба байлығы қайда?!» деп талап қылатын,  ұлтшылдардың күш алуы ғана!

ALASHAINASY.KZ.  «Қазаққа жеке детектив қажет пе?» - Ұсыныс сұранысты тудыратыны хақ. Бүгінде жеке детектив қызметіне жүгінетіндер саны артып отыр.

«Жынымыз емес, қалтамыз қағылды көріпкелден...» - Көпке топырақ шашқандық емес. Бірақ сау адамды ауру еткен емшілердің бар екендігі де шын. Онымен қоса, бір үйлі жанның отбасына өзара кикілжің кіргізетіндері де бар.

AIKYN.KZ   «Ел есепке сенбейді» - Халық пен статистиктер әртүрлі тілдерде сөйлейді. Нәтижесінде, жұртшылықтың түсінбеушілігі артады.

ZHASALASH.KZ.   «Жырынды Жириновский қайта құтырды» - Ресейдiң мемлекеттiк думасының вице-спикерi Владимир Жириновский 23 ақпан күнi Мәскеуде өткен митингiде сөйлеген сөзiнде Орталық Азия мемлекеттерiнiң тұтастығы мен бүтiндiгiне қол сұғатын, елдiгiн қорлайтын мәлiмдеме жасады.

«Бiр адамның қолындағы билiктi алдап алуға да, тартып алуға да болады...» - Бакиевтiң басына туған күн Януковичтiң де басына туды.

«Екi елi ауызға төрт елi қақпақ қоймақ» - Бiрiншi оқылымда мақұлданған ҚР Қылмыстық кодексiнiң жаңа заң жобасы қабылданса, түрмеге түсетiн журналистердiң қатары күрт өсуi мүмкiн.

25 ақпан 2014, 08:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.