Атырау, 19 желтоқсан 05:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қазақтың уранын неге өзгелердің ұрасына салып бердік?». «Ресей Украинаны басып ала ма?». «Дәрі мен қызмет бағасы өспейді». «Тығырықтан шығар жол қайсы?». «Жастар саясатындағы жемқорлық». «Борышкерлерді неге ойламайды?».

2 081 просмотра

AZATTYQ.ORG.   «Янукович Донецкіден ұшпақшы болды» - Украина мемлекеттік шекара қызметінің хабарлауынша, ақпанның 21-і күні Донецк әуежайынан Виктор Янукович мінген ұшақтың әуеге көтерілуіне шекарашылар рұқсат бермеген.

«Шәкен Айманов және Сталин дәуірінен кейінгі кино образдары» - Биыл Шәкен Аймановтың туғанына 100 жыл толды.

ALASHAINASY.KZ.  «Қазақтың уранын неге өзгелердің ұрасына салып бердік?» - Қазақ елі қазірде 22,5 мың тоннаға дейін уран шикізатын өндіріп әлем  бойынша  бірінші орынға шықты.

«Қазақстанда «әмбебап» ұстаздар пайда болады» - Болашақта бірнеше пәнді бір өзі оқыта беретін бесаспап мұғалімдер даярлануы мүмкін.

«Өнертапқыштарды қолдау неге кенжелеп тұр?» - Әлемде қазақ баласы талай білім додаларында алдыңғы лектен көрініп, жалпақ жұрт алдында абыройымызды арттырды емес пе?

MASA.KZ   «Ресей Украинаны басып ала ма?» - Қазір Януковичтің барар жер, басар тауы қалмаған. Батыс оны кіргізбейді. В.Путин де енді оның басынан сипай қоймайды. Сонда оған бір-ақ жол қалады. Ресейден әскери көмек сұрау.

AIKYN.KZ   «Дәрі мен қызмет бағасы өспейді» - Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты емделушілердің құқын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысында сырқаттарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жай-күйі қаралды.

«Тығырықтан шығар жол қайсы?» - Шығын екі жақтан да бар.Соңғы түскен дерекке қарағанда 77 адам оққа ұшқан. Мыңдаған адам жаралы. Ал бейресми деректер көшедегі ұрыста өлгендердің саны 100 -ден асып жығылады дегенді келтіреді.

ABAI.KZ.   «Жастар саясатындағы жемқорлық» - Мемлекеттік жастар саясатына бөлінген қыруар қаржы үркердей топтың жеке бизнестеріне айналғалы қашан. Билік алдында жауап бермесе де ар алдында, тарих алдында жауап берер күн туады.

SERKE.ORG.  «”Көлеңкедегі” экономиканы қалай тоқтатамыз?» - Ресми мәліметтерге қарағанда, жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 19 пайызы “көлеңкелі” айналыста жүр.

«Эдуард Лимонов “қазақтарда мүлдем қала болмаған” деп жатыр» - Ол өзінің кезекті мәлімдемесінде Қазақстанның солтүстік облыстарына ғана емес, батысы мен шығысына да ауыз сала бастады.

«Оралмандар премьер-министр Серік Ахметовке ультиматум қойды» - Мәсімов үкіметінің қателігін тез арада Серік Ахметов түзетуі тиіс, «Болмаса, Мәңгілік Елдің беделін түсірмей, қазақты азапқа салмай, толық құрамыңызбен  отставкаға кетіңіз!» дейді ол.

QAMSHY.KZ  «Обама-Путин сөйлесті. Украина енді кімнің қолында?» - Бүгін – Украина, ертең – Қазақстан немесе Беларусь елі аналар сияқты бүйректен сирақ шығарып жатса, қайтпек? В.Путинді күндіз – күлкіден, түнде – ұйқыдан айырған осы бір ауыр ойлар екені рас.

TURKYSTAN.KZ.  «Украина: Тимошенко бостандыққа шығып, Янукович шетелге қашты ма?» - Бүкіл әлем халқы Украинаға көз тігуде. Елдегі шиеленісіп кеткен саяси жағдайдың соңы немен бітетіні бүкіл әлемді алаңдатып отыр.

«Борышкерлерді неге ойламайды?» - Теңгенің құлдырауы – бүйірден тиген тепкідей болды қазаққа. «Қаралы сейсенбінің» құрбанына айналды көпшілік.

24 ақпан 2014, 09:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.