Қоғам Бүлдіршін екпеден соң көз жұмды Мақат аудандық сотының тәжірибесінде алғаш рет медицина қызметкеріне қатысты бас бостандығынан айыру жөніндегі үкім шығарылды. Фельдшер М.Айтуаров бір жыл бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды. 17 ақпан 2011, 00:00 7 351 рет қаралды
Мәдениет Домбыраның дүлдүлі Осындай атаумен өткен аптада Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде күй қағаны Рыспай Ғабдиевтің 75 жас мерейтойына арналған концерт өтті. Кезінде өзі жетекшілік еткен Дина Нұрпейісова атындағы академиялық ұлт-аспаптар оркестрі ҚР мәдениет қайраткері Талғат Қамалиденовтың дирижерлығымен «Тойбастар» шығармасын орындап, кештің шымылдығын ашты. 17 ақпан 2011, 00:00 12 310 рет қаралды
Оқиға Жүргізуші мүрдені зиратқа жасырмақшы болды Жаяу жүргіншіні өлімші етіп қағып, қылмыс ізін жасырмақшы болған 30 жастағы жүргізушіге қатысты қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды. Бұл туралы ІІД-де өткен брифингте жауап алу басқармасының бастығы Қалыбай ТӨЛЕУЛИЕВ хабарлады. 27 қаңтар 2011, 00:00 4 144 рет қаралды
Қоғам Мақаттағы жол азабы Атырау облысында жолдар қалыпқа келтіріле бастағанымен мұнайлы мақаттағылар жол азабын тартып отыр. Доссор‑Мақат тас жолының жарамсыз бола бастағанына ондаған жылдар өткен. Жол жайын айтқанда мақаттықтар жылап қоя береді. Себебі жайсыз жолдардан жолаушылардың ығыры шыққан еді. 27 қаңтар 2011, 00:00 4 160 рет қаралды
Экономика 2011 жыл бюджеті былтырғыдан қомақтырақ Журналистердің өтініші бойынша облыстық мәслихаттың сессиясы кезінде облыс әкімі Б.Рысқалиев 2011 жыл бюджетінің болжамы туралы әңгімелеп берді. 19 қаңтар 2011, 00:00 3 409 рет қаралды
Басқа жаңалықтар Қала жолдарын жөндеу: бүкіл тізімді жарияласаңыздар Облыстық әкімдікте 2011 жылғы көлік жолдары құрылысының жоспарлары талқыға салынды. Цифрларды жолаушылар тасымалы және көлік жолдары басқармасының бастығы Ахмед АХМЕДОВ жариялады. Ол Мақаттағы, Индербордағы, Махамбеттегі, Аққыстаудағы, Тұщықұдықтағы, Ганюшкиндегі, Қызылқоға ауданының селоларындағы поселкеішілік және селоішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады. 19 қаңтар 2011, 00:00 5 289 рет қаралды
Оқиға Қыздың өлімі үшін медиктер айыпталуда Мақат аудандық ауруханасында 10 жасар қыз баланың қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралуда. Қыздың туысқандары уақытында медициналық көмек көрсетілсе, сәбиді құтқарып қалуға болатындығына сенімді. 6 қаңтар 2011, 00:00 4 041 рет қаралды
Оқиға Қаққан соң «аурухана іздеуге» аттаныпты Өткен аптада Доссорда «Дэу-Нексия» көлігінің жүргізушісі 13 жасар қыз баланы қағып кеткен. Оны бірден ауруханаға апарудың орнына, ол оны көлігіне мінгізіп, белгісіз бағытқа кетіп қалған, - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА. 6 қаңтар 2011, 00:00 4 423 рет қаралды
Саясат Депутаттар сапары ЕҚЫҰ саммитін өткізу кезінде қысқа демалысқа жіберілген депутаттар аймағымызға ат басын тіреп, бірқатар кездесулер өткізді. 8 желтоқсан 2010, 00:00 5 424 рет қаралды