Атырау, 25 қараша 21:34
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

2011 жыл бюджеті былтырғыдан қомақтырақ

3 092 просмотра

Журналистердің өтініші бойынша облыстық мәслихаттың сессиясы кезінде облыс әкімі Б.Рысқалиев 2011 жыл бюджетінің болжамы туралы әңгімелеп берді.

Өткен жылдың аяғында 2011 жылға өте қарама-қайшы қаржылық болжам жасалған болатын. Сондықтан облыстың экономикалық өмірінде жаппай күйреу орын алмас үшін 2010 жылдың бюджетінен қаржыландырылатын кейбір жобаларды игеруді кейінге қалдыру ұйғарылған. Аймақ басшысы «сақтап қойылған» ақшалай қаржылар сомасы 9 млрд. теңгеден асқанын хабарлады. Оған қоса 55 млрд. теңге трансфертті биылғы жылы беруге үкімет уәде берген. Тағы 10 млрд. теңгені Астанадан жыл ішінде бөлуге жоспар жасалған. Осылайша 2011 жылдың бюджеті өткен жылдың бюджетінен 15-18 пайыздан көп болмақ. Әкім 2011 жылдың сомасын нақтыламады, шамасы айтқысы келмеген болар. Алайда оны есептеп шығару қиын емес: өткен жылдағы 135 млрд. теңгені 118 пайызға көбейтеміз, сонда 160 млрд. теңгені құрайды.

Осы сессияда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Бауыржан ОРЫНҒАЛИЕВ өткен жыл ішінде үнемделген қаржының бөлінгендігі туралы хабарлады. Білім беру саласының қажеттілігіне 993 млн. теңге, мәдениет пен спорт нысанының құрылысын аяқтауға 2 млрд. 872,8 млн. теңге бөлінген. Соның ішінде: спортқа дарынды балаларға арналған 200 орындық интернат құрылысы; теннис кортының құрылысын аяқтау, мұз сарайы, Геолог-2, Нұрсая және Балықшы ықшамаудандарындағы 400 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешендері; Ганюшкин мен Индербор поселкелеріндегі 400 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Сағыз селосындағы спорт кешені, Атырау қаласындағы концерт залының құрылысын жалғастыру; облыс орталығы мен аудандардағы спорт залдарының құрылысы бар.

Көлік инфрақұрылымын дамытуға 2 млрд. 451,2 млн. теңге бөлінген.  Соның ішінде: Құрманғазы ауданындағы Ақкөл селосына кіретін жол; Индербор поселкесі мен Құлсары қаласындағы поселкеішілік жолдар; Мақат-Доссор жолының 7,5 километрін күрделі жөндеу; айналма көпірді қайта жарақтауды жалғастыру жұмыстары бар. Сумен қамту, канализация және жылу жүйелерін жөндеуге 1724,2 млн. теңге, көшені жарықтандыру желісін электрлендіруге және салуға 228,5 млн. теңге бөлінген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.