Атырау, 11 қазан 07:28
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Қала жолдарын жөндеу: бүкіл тізімді жарияласаңыздар

5 007 просмотра

Облыстық әкімдікте 2011 жылғы көлік жолдары құрылысының жоспарлары талқыға салынды.

Цифрларды жолаушылар тасымалы және көлік жолдары басқармасының бастығы Ахмед АХМЕДОВ жариялады. Ол  Мақаттағы, Индербордағы, Махамбеттегі, Аққыстаудағы, Тұщықұдықтағы, Ганюшкиндегі, Қызылқоға ауданының селоларындағы поселкеішілік және селоішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады. Асфальтталған көшелердің жалпы көлемі 182 мың шаршы метрді құрайды. Құлсары қаласындағы қалаішілік жолдарды (185 мың шаршы метр) жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Бұдан бұрын «АЖ»-да хабарланғандай, республикалық бюджет есебінен (3 млрд. теңгедей) облыстық маңыздағы «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» көлік жолдарының ұзындығы 25 км болатын учаскесі қайта жарақталмақ.

А.Ахмедов, сондай-ақ, келер жылы Жайық өзені арқылы Атырау университеті мен «Атырау-Ақпарат» КМК-ның бұрынғы ғимаратын жалғайтын жаяу жүргінші өткелінің құрылысы басталатынын хабарлады (өткен жылы бұл нысанды билік мақсатқа сай емес деп тапқан болатын). Облыстық маңыздағы Х.Ерғалиев, Жанбай, Исатай (Исатай ауданы), Ақкөл (Құрманғазы ауданы) селоларына кіретін жолдар қалпына келтірілетін болады. Доссор мен Мақат арасындағы нашар жолдардың 30 км учаскесін жөндеу жоспарланған. Оның 8 километрі – жергілікті бюджет есебінен жөнделмек, жолдың қалған бөлігі республикалық маңыздағы жолдарға жатады. Облыс әкімінің орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ хабарлағандай, Астанада осы маңызды учаскені жөндеуге қаржы бөлуге уәде берген.      

Әкім орынбасары, сонымен қатар, биылғы жылы республикалық бюджеттен жолды жөндеуге қосымша 2,5 млрд. теңге бөлінгенін, ал жыл ортасында осы мақсатта тағы да сома бөлінеді деп күтілетінін хабарлады.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВ облыс орталығындағы жол жұмыстарына 10 млрд. теңге бөлінгендігін мәлімдеді. Жолдардан басқа 20 км жаяу жүргінші жолдарын жөндеу жұмыстары жоспарланған. Қалалық әкімдік көшелердің тізімін кейінірек ұсынуға уәде берді. Алайда Атырауда жолдарды рұқсатсыз ашып, коммуникацияларды жөндеп біткеннен кейін оларды қайта бітемеу проблема боп қалып отыр. Б.Дәукенов қалалық әкімдікке осындай жағдайларды анықтауға тапсырма берді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

19 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.