Атырау, 12 қазан 14:18
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Депутаттар сапары

4 933 просмотра

ЕҚЫҰ саммитін өткізу кезінде қысқа демалысқа жіберілген депутаттар аймағымызға ат басын тіреп, бірқатар кездесулер өткізді.

 

 

 

ЖОҒАРЫДАҒЫЛАР ЖАЛАҚЫМЕН КҮН КӨРУДІҢ МҮМКІН ЕМЕСТІГІН БІЛЕДІ

Бізге жерлестерімізҰзаққали ЕЛЕУБАЕВ, Ирак ЕЛЕКЕЕВ, Асхат БЕКЕНОВ, Болат ҚОНАРБАЙ және Атырауға алғаш рет атыраулық емес депутат Нұрлан ӘБДІРОВ аяқ басты. Олар Атырау ЖЭО-на барып, ІІД, прокуратура және кедендік басқарма қызметкерлерімен кездесті. Кеденшілермен кездесу кезінде мәжілісмендер келер жылдағы ел бюджеті 4,41 трлн. теңгеден астам екенін айтты. Бюджет, олардың айтуынша, алдағы Азиада (300 млрд. теңге) мен өткізілген саммит (11 млрд. еуро) шығындарының салдарынан әжептәуір қысқарған. Алайда кеденшілер депутаттардың назарын ел ауқымы деңгейінен, зейнеткерлікке шығу уақыты және орталығы Ақтау қаласында болатын аймақтық қызметтің ұйымдасуына байланысты алдағы жұмыстан қысқартулар секілді анағұрлым күйбің тіршілік мәселелеріне аударды.

Мәселе мынада - қазіргі кезде өз күшіндегі «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға бірқатар түзетулер енгізілуде және жаңа «Құқыққорғау қызметі туралы» заң жобасы қаралуда. Осыған байланысты кеденшілер парламент депутаттарынан жаңа заң бойынша зейнеткерлікке қашан шығатындықтарын, олар үшін еңбекақы көтеріле ме және жеңілдіктер қарастырылған ба, сол туралы түсіндіруді сұрады.

Депутаттар қойылған сұрақтарға нақты жауап бермеді. Алайда енді құрамына кеден қызметі де енгізілген құқыққорғау органдарында погон таққан қызметкерлер мен азаматтық қызметкерлер арасында нақты сатылану енгізілетіндігін мәлімдеді. Атап айтқанда, форма киген қызметкерлер үшін жеңілдіктер көбеймек. Оларға зейнеткерлік жас басталғаннан кейін қосымша 5 жыл, ал ғылыми атақтары барларға 10 жыл жұмыс жасауға рұқсат беріледі.

Депутат Ирак Елекеев кеденшілердің тарапына тәжім етіп, бұрын олардың арасында жемқорлық көп дегенді жиі еститіндігін, ал қазір ондай әңгіме байқалмайтындығын мәлімдеді. Алайда оның әріптесі әрі халықаралық істер жөніндегі комитеттің мүшесі Нұрлан Әбдіров жарамсақтана қоймады. Ол жоғарыдағылардың жағдайды - атап айтқанда, Атыраудағы қымбатшылықты, пәтер жалдауға кедендік немесе басқа құқыққорғау кеңсесі қызметкерінің еңбекақысының 70 пайызына дейін кететіндігі, ал отбасында балалардың өсіп жатқанын, күн көрудің жалғыз ғана жолы – заңсыз жолмен пайда табуға үйір болу екендігін тамаша ұғатындығын аңғартты. Шешілмеген әлеуметтік проблемалар, мәжілісменнің айтуынша, тікелей сыбайлас жемқорлыққа алып келеді. Айта кетелік, Н.Әбдіров қазақстандықтарға Каспий теңізінің жағалауында жеке жер иеліктері бар екендігі туралы, соның салдарынан бұл аумақтарды шекарашылар бақылауға ала алмай отырғандығын мәлімдегендігімен, сондай-ақ, ресейлік криминал серкелерінің РФ-да заңнамалардың күшеюі салдарынан Қазақстан Республикасына қоныс аудару қаупі бар екендігі туралы депутаттық сауал жолдағандығымен танымал.

КЕДЕНДІК КОЭФФИЦИЕНТТІ ҚАЙТАРУЫ МҮМКІН

«Теңіз» кедендік қосынының қызметкері жаңа заңда экологиялық қолайсыз жағдайда жұмыс жасағандықтары үшін өтемақы төлеу туралы тармақ бар ма деген орынды сұрақ қойды. Ал Теңізде құқыққорғау органдарының қызметкерлерінен басқа еңбек етіп жатқан адамдар бірнеше мыңдап саналады. Бірнеше жыл бұрын еңбек заңнамасынан аумақтық коэффициент жойылған болатын. Сонымен қатар, өндірістегі зиян түсінігі де ғайып болған еді.

Ұзаққали Елеубаев бір кездері депутаттар тобының үкіметке аумақтық коэффициентті қайтару туралы сауалмен шыққанын мәлімдеді. Сол кезде депутаттарға әр облыста қолайсыз климаттық ерекшеліктері бар аудандар бар екенін айтқан. Соған байланысты, аумақтық коэффициентті (әрі қарай - АК) қайтаруды орынсыз деп санағанға ұқсайды. Елеубаев қазіргі кезде АК енгізу қайтадан қаралып жатқандығын, оған жоғарыда аталған республикалық бюджеттен толықтай шығарып алуға болатын 5 млрд. теңгедей қажет екендігін атап өтті.

ЖЕР БЕТІНДЕГІ ЕҢ ІЗГІ СОТ, ҚАЙДАСЫҢ?

И.Елекеев түзету жүйесін ізгілендіру туралы айтып өтті. Оның айтуынша, қазіргі кезде еліміздің түзету мекемелерінде жасаған түрлі әрекеттері үшін сотталған 75 мыңға дейін тұтқындар бар екен. Оның пікірінше, тек ауыр қылмыс жасағандар ғана жазаларын өтеулері тиіс, ал басқалар үшін тигізілген зиян мөлшерін өтеуге мүмкіндік беретін нормалар болуы қажет.

ЛАЙЫҚТЫ МАДАҚ

Депутаттар биылғы жылы Геолог, Құлсары, Индер және Доссор поселкелеріндегі мектеп құрылысына республикалық трансферттердің бөлінуіне қол жеткізгендерін айтты. Олардың күштерімен Атырау облысын газдендіруге 5 млрд. теңге бөлінген, ал басқа облыстарға бар болғаны 1 млрд-тан ғана бөлініпті.

«Жайық-Балық» КМК-ның дамуына биылғы жылы 1 млрд. теңге және келер жылға 2,5 млрд. теңге бөлінген. Естеріңізге салайық, бұрын бұл мақсаттарға А.Бекенов депутаттық сауалында 6,5 млрд. теңге сұраған еді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

8 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.