Атырау, 26 сәуір 09:35
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Барлық жаңалықтар

Астанада бүгін Сирия келіссөзінің кезекті отырысы өтеді Қазақстанда

Астанада бүгін Сирия келіссөзінің кезекті отырысы өтеді

Астанада Сирия бойынша бейбіт келіссөздің пленарлық отырысы бүгін күннің екінші жартысында өтеді деп жоспарланып отыр деп хабарлады Азаттыққа Қазақстан сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз қызметінен. СІМ кеше Астана келіссөзі аясындағы кезекті кездесу бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 12-де басталатынын хабарлаған. 16 ақпан 2017, 14:41 2 333 просмотра
Енді өңірлерге қаржы спорттағы жетістігіне қарай бөлінеді – Арыстанбек Мұхамедиұлы  Қазақстанда

Енді өңірлерге қаржы спорттағы жетістігіне қарай бөлінеді – Арыстанбек Мұхамедиұлы

Облыстарда спортты дамытуға қаржы бөлген кезде тепе-теңдік сақталмайды. Осыған байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Денешынықтыру және спорт туралы» ҚР заңына тиісті өзгертулер ұсынған. Бүгінде заң Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр. Егер құжат заңды күшіне енетін болса, ол еліміздегі бұқаралық спортты дамытуға тың серпін береді. Сондай-ақ, өңірлерге қаржы спорттық жетістіктеріне қарай берілуі мүмкін. Бұл туралы министрліктің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 16 ақпан 2017, 14:37 1 880 просмотра
Ташкент Украинадан Каримовтың туысын экстрадициялауды сұрады Әлемде

Ташкент Украинадан Каримовтың туысын экстрадициялауды сұрады

Өзбекстан билігі Украинадан бұрынғы президент Ислам Каримовтың әйелінің жиені Акбарали Абдуллаевты экстрадициялауды сұрады деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек редакциясы. Украина бас прокуратурасы қызметкерінің Өзбек редакциясына хабарлауынша, ақпанның басында Өзбекстан бас прокуратурасы Украинаға 33 жастағы Абдуллаевты қайтаруды сұрап өтініш берген. Бұл ақпаратты Өзбекстан бас прокуратурасы да растады. 16 ақпан 2017, 10:22 1 622 просмотра
Димаш Құдайберген «Singer» байқауының 6-кезеңінде жеңіске жетті  Қазақстанда

Димаш Құдайберген «Singer» байқауының 6-кезеңінде жеңіске жетті

Димаш Құдайберген қатысып жатқан «Singer» байқауының 6-кезеңінің нәтижесі белгілі болды, деп  хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Бұл туралы қытайдың әлеуметтік желілері жарыса жазып жатыр. Отандасымыз  бұл айналымда әлемге танымал әнші Лара Фабианның  репертуарынан «Adagio» әнін орындап, бірінші орынды иеленген. 16 ақпан 2017, 10:09 2 626 просмотра
БАҚ: Ресей елшісінің өліміне қатысты жаңа күдікті ұсталды Әлемде

БАҚ: Ресей елшісінің өліміне қатысты жаңа күдікті ұсталды

Түркиялық ақпарат құралдары Ресейдің Түркиядағы елшісінің өліміне қатысты іс бойынша жаңа күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Мемлекеттік Anadolu агенттігінің полициядағы құпия дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, күдікті 15 ақпанда Анкарада ұсталған. Ол 2016 жылы 19 желтоқсанда Анкарада өнер көрмесінде Ресей елшісі Андрей Карловты атып өлтірген Мевлют Мерт Алтынташпен телефонмен сөйлесті деген күдікке ілінген. 16 ақпан 2017, 10:03 1 721 просмотра
Қорғаныс министрлігі тасжолға қонған тікұшаққа қатысты түсінік берді  Қазақстанда

Қорғаныс министрлігі тасжолға қонған тікұшаққа қатысты түсінік берді

ҚР Ми-8МТ ВВС ВС тікұшағы оқу-жаттығу аясында тасжолға қонған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігіндегілер Ақтөбе облысындағы тасжолда "жоғалып кеткен" тікұшақтың видеосына қатысты түсінік берді. 16 ақпан 2017, 09:57 1 782 просмотра
Бруно Жарден: «Қашаған шығынды жоба болуы мүмкін бе? Бұл өте жақсы сұрақ!» Басқа жаңалықтар

Бруно Жарден: «Қашаған шығынды жоба болуы мүмкін бе? Бұл өте жақсы сұрақ!»

Біздің газетімізге берген өзінің алғашқы сұхбатында North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) консорциумының басқарушы директоры Бруно ЖАРДЕН (суретте) Қашаған жобасына салынған инвестициялар сомасын нақтылап, таяудағы 50 жылда құбырларды ауыстыруға тура келмейді деген үмітін білдірді. 16 ақпан 2017, 00:00 3 537 просмотра
Шаруаларды кооперативке шақыруда Басқа жаңалықтар

Шаруаларды кооперативке шақыруда

Индер ауданы әкімдігінде шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер, жергілікті әкімдердің қатысуымен өткен жиында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру мәселелері талқыланды. ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің мал өнімдерін өндіру мен өңдеу департаментінің директоры Берік НИГМАШЕВ оларға ұжымдасудың тәртібі мен тиімділігін түсіндірді. 16 ақпан 2017, 00:00 3 601 просмотра
Мектепке барар ұзақ жол Басқа жаңалықтар

Мектепке барар ұзақ жол

Құрманғазы ауданы Шортанбай ауылдық округіне қарасты Жасталап ауылының оқушылары төрт жылдан бері он шақырым қашық жерде орналасқан Шортанбай ауылындағы мектепке қатынап оқып жүр. Себебі, Жасталаптағы мектеп ғимараты апатты деп танылған болатын. 16 ақпан 2017, 00:00 2 941 просмотра
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Полицияға 19 жастағы жігіт жүгінді: 13 ақпанға қараған түні «Алмагүл» қонақ үйінің жанына қойылған оның «Лада» ВАЗ-2114 көлігін Атырау тұрғыны - 20 жастағы қыз ұрлап айдап кеткен. Көлік кешікпей табылды, алайда, жігіт арызын қайта алудан бас тартты. ҚР ҚК-нің 200-бабы («Айдап кету») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлікті айдап кеткен қыз басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. 16 ақпан 2017, 00:00 1 988 просмотра
Атамбаев: Қырғызстанда президент сайлауы 19 қарашада өтеді Әлемде

Атамбаев: Қырғызстанда президент сайлауы 19 қарашада өтеді

Қырғызстанда президент сайлауы конституциялық заңдарға сай қарашаның үшінші жексенбісінде - 2017 жылғы қарашаның 19-ында өтуі тиіс. Бұл туралы бүгін Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссия төрағасы Нұржан Шайлдабековамен кездесуінде айтты. 15 ақпан 2017, 15:11 2 367 просмотра
Сот "Путинді сынаған" Ақтөбе тұрғынының үкімін өзгертпеді Қазақстанда

Сот "Путинді сынаған" Ақтөбе тұрғынының үкімін өзгертпеді

Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық алқасы бүгін Facebook парақшасында Ресей президенті Владимир Путинді сынаған жазбаларына бола "алауыздық тудырды" деп айыпталып, үш жылға сотталған белсенді Санат Досовтың сот үкіміне шағымын қанағаттандырмады. 15 ақпан 2017, 15:02 2 051 просмотра
Барлық ауылдарда 4G интернеті болады - Абаев  Қазақстанда

Барлық ауылдарда 4G интернеті болады - Абаев

2025 жылға қарай Қазақстандағы барлық ауылдар интернетке қосылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі жалпы отырыста  ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  15 ақпан 2017, 14:58 1 885 просмотра
ҰҚК-ге коррупциялық істерді тергеу құқығын беруді ұсынды Қазақстанда

ҰҚК-ге коррупциялық істерді тергеу құқығын беруді ұсынды

Қазақстан бас прокуратурасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) әскерилер мен коррупцияға қарсы ведомство қызметкерлерінің коррупциялық ісін тергеу құзыретін беруді сұрады. Қазақстанда соңғы жылдарда коррупциялық істерді тергеумен негізінен Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы айналысып келеді. Бюро мемлекеттік қызмет және коррупцияға қарсы іс-қимыл агенттігінің құрамына кіреді. 15 ақпан 2017, 14:54 1 851 просмотра
Әкімдер есебі: Атырау Басқа жаңалықтар

Әкімдер есебі: Атырау

2016 жылы баспана құрылысына 18 млрд теңге инвестиция тартылып, 346,4 мың шаршы метр пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін, 15 ақпанда тұрғындармен есеп беру жөніндегі кездесу кезінде Атырау қаласының әкімі Серік ШАПКЕНОВ хабарлады. 15 ақпан 2017, 11:48 2 913 просмотра
Қостанай облысы мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері 3 миллион теңге парамен ұсталды Қазақстанда

Қостанай облысы мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері 3 миллион теңге парамен ұсталды

Қостанай облысы мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері 3 миллион теңге парамен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 15 ақпан 2017, 11:12 2 320 просмотра