Атырау, 26 ақпан 07:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.26
€ 590.38
₽ 6.54

Тоқаев Алматыға келді

3 422 рет қаралды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысы сапар барысында қаланың бірқатар инфрақұрылымдық нысандарының жаңғырту жобаларымен және құрылысымен танысады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетін мобильді скрининг арқылы анықтау орталығына барады. Ботаникалық бақты қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралап көреді", - деп жазды Берік Уәли.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

12 мамыр 2020, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.