Атырау, 16 қаңтар 12:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Дәленов карантиннің ел экономикасына қалай әсер еткенін айтып берді

2 955 просмотра

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов карантиннің отандық экономикаға қалай әсер еткенін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, қаңтар-сәуір айларында тауарлар өндірісі 5,8%-ке өсті. Ал көрсетілетін қызметтер 4%-ке азайған.

"Осының салдарынан жалпы ішкі өнім 0,2%-ке төмендеді. Қызметтер саласындағы төмендеу қабылданған карантиндік шектеулермен байланысты. Жылдық инфляция 6,8% болды", - деді Дәленов үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, өндіріс секторындағы өсу өңдеу өнеркәсібі, кен өндіру, құрылыс пен ауыл шаруашылығының есебінен қамтамасыз етілді. Қызмет көрсету саласында көлік қызметтері 11%-ке, сауда 8,9%-ке, әкімшілік қызметтер көрсету 4%-ке және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 2,7%-ке төмендеді. Ал байланыс қызметтері 9,6%-ке артты.

Осы орайда министр бір карантиндік айда қызмет көрсету саласының қалай өзгергенін де көрсетіп берді.

"Егер сәуірді жеке қарайтын болсақ, өткен жылғы сәуірмен салыстырғанда көрсетілетін қызметтер секторы 17,5%-ке төмендеді. Атап айтқанда, сауда және көлік үштен бірге, әкімшілік қызмет көрсету 22,5%-ке және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 9,9%-ке төмендеді. Бұл төмендеу карантиндік шектеу шараларымен байланысты", - деп түсіндірді Дәленов.

Дереккөз:  Sputnik Қазақстан 

12 мамыр 2020, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.