Атырау, 2 мая 02:53
 ясноВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Елеусінов Қайырбай

2 668 просмотров


2020 жылдың 22 шілдесінде мұнай және газ саласының еңбек ардагері, «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» ЖШС-і кәсіподақ комитетінің төрағасы, бүгінгі зейнеткері Елеусінов Қайырбай дүниеден озды. 

Елеусінов Қайырбай еңбек жолын 1965 жылы Гурьев политехникалық техникумын аяқтағаннан кейін, «Эмбанефть» өндірістік бірлестігіне қарасты Прорва терең бұрғылау кеңсесінде мотористің көмекшілігінен бұрғылау саласында көптеген жұмыс сатыларынан өтіп, 1999 жылы «ҚазМұнайгаз-Бұрғылау» ЖШС сервистік бұрғылау кәсіпорны кәсіподақтар конференциясында осы кәсіпорынның кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды. Жұмыс тәжірибесін, қоғамдық жұмыстағы беделі мен жоғары білімін пайдалана отырып, мұнайшы-бұрғышылардың мәселесін шешуге, заңдылық нормаларын сақтауға әлеуметтік әріптестікке үлкен көңіл бөлді. Оның тікелей басшылық етуімен мұнайшы-бұрғышылар және олардың балаларының жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі ойдағыдай шешіліп отырды. Сонымен бірге бұрғылау және ұңғыларды күрделі жөндеу бригадаларының әлеуметтік тұрмыс жағдайын жіті бақылауға алып, үлкен жұмыс жүргізді. Осы еңбек жолында Елеусінов Қайырбай Қазақстан Республикасы кәсіподақ конференциясының ХХ съезінің делегаты, Халықаралық мұнай газ кешені конфедерациясының Лауреаты атағына ие болды. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының, Бүкілодақ кәсіподақтар конфедерациясының Құрмет грамоталарымен, «Қазақстан мұнайына 100 жыл», Қазақстан Республикасы  кәсіподақ  қозғалысының алдындағы жетістіктері ескеріліп, «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» белгілерімен марапаталды. 

«ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» ЖШС-і ұжымы марқұм Елеусінов Қайырбайдың зайыбы Маруся апайға, балалары мен туған-туыстарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

 

«ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» ЖШС-нің  ұжымы

29 июля 2020, 19:19

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 771 37 800 38 и на editor@azh.kz

Комментарии отключены