Атырау, 28 қараша 14:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қазақстандық онкологияның негізін қалаушы, профессор Сәлім Балмұханов көз жұмды

2 172 просмотра

Қазақстан жаңалықтары АА. Кеше Алматыда қазақстандық онкологияның негізін қалаған белгілі ғалым, академик, профессор, медицина ғылымдарының докторы Сайым Балмұқанов көз жұмды, деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі.

Сайым Балмұқанов - саналы ғұмырын кәсібі мен еліне адал қызмет етуге арнаған жан. Ол - Қазақстандағы рентген-радиологиялық және радиобиологиялық ғылымның негізін қалап, жоғары заманауи деңгейге жеткізді. Академик Балмұқановтың ғылыми зерттеулері 450 ғылыми жұмыста көрініс тапты.  

Бұған қоса, ол дүние жүзі дәрігерлерінің «Ядролық соғысты болдырмау» халықаралық қозғалысының қазақстандық бөлімінің президенті,  «Невада-Семей» халықаралық қозғалыс президиумының, көптеген ғылыми журналдар редакциясының, мемлекеттік және халықаралық комиссиялардың, кеңестердің мүшесі болды.  

Оның бірегей әдістері ТМД, Ұлыбритания, Швейцария, Франция, Үндістан, Жапония, Перу, Қытай және Моңғолия елдерінің онкологиялық орталықтарында пайдаланылады. 

Белгілі ғалым көзі тірісінде бірқатар мемлекеттік наградалармен марапатталған. Атап айтқанда, 2 Қызыл Жұлдыз орденімен, 2 Отан соғысы орденімен, көптеген КСРО медальдарымен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапаттаған және «Ғылым қайраткері» атағына ие болған.

1997 жылы ядролық соғысқа қарсы күресте мол үлес қосқаны үшін Халықаралық Бейбітшілік сыйлығының лауреаты атанды (Жапония).

С.Балмұқановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 21 ақпанда Алматыдағы Ғалымдар үйінде өтеді.

Дереккөз: newskaz.kz

 
21 ақпан 2014, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.