Атырау, 30 қыркүйек 00:36
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Ау құралдары өртелді

2 710 просмотра

18 ақпанда Тасқала ауылы маңындағы далалықта су полициясы қызметкерлері қыс басынан бері браконьерлерден тәркіленген ау құралдарын өртеді.

Ау салынған қапшықтар УАЗ микроавтобусына әрең сыйды. Мұның ішінде қортпа аулауға арналған ақандар, тар көзді капрон аулар және көп мөлшерде полиэтилен ау құралдары бар. Полицейлер барлығын қапшықтан шығарып, үстіне бензин құйып, өртеп жіберді.

Атырау облыстық ІІД су полициясы бастығының орынбасары Бақтығали АМАНИЯЗОВТЫҢ айтуынша, 2013 жыл ішінде бөлім қызметкерлері 457 құқық бұзушылықты анықтады, соның ішінде 49 балықты заңсыз сатып алу және небары екі браконьерлік фактілері бар.

- 2004 жылы Заңнамаларға енгізілген өзгерістерге сәйкес, ҚР ҚК 287-бабы бойынша (Балық ресурстарын заңсыз өндіру) қылмыстық іс көтеру үшін мемлекетке келтірілген шығын 100 айлық есептік көрсеткіштен, яғни, 185 200 теңгеден асуы керек. Бұған жетпейтін фактілер бойынша материалдарды әкімшілік сот қарайды, - деп түсіндірді Б. Аманиязов.

Жыл ішінде су полициясы 63 тонна заңсыз ауланған балықты тәркіледі, соның ішінде 2 118 келі бекіре тұқымдас балық пен 14,5 келі қара уылдырық бар. 178 адамға әкімшілік айыппұл салынды. Аулаған балықтарды тасу үшін браконьерлердің үш дөңгелекті мотоциклдерді пайдаланатыны құпия емес. Бір айға жетпейтін уақытта Атырау қаласының теңіз тамағындағы ауылдарынан полиция 31 мемлекеттік тіркелмеген мотоциклді анықтады, олардың барлығы «Арнайыавтобаза» КМК айыппұл тұрағына қойылды. Полицейлер бұл «байкалардың» иелері келіп, оларды есепке тіркемейінше, ашық аспан астында тоттанып тұратындығын айтады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

20 ақпан 2014, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.