Атырау, 26 қараша 19:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Сотты сыйламаған сотқа тартылады

2 949 просмотра

Қала прокуратурасы әлі күнге дейін өз үйін бұзбай отырған коттедж иесін қылмыстық жауапкершілікке тартты.

Қала прокуроры Халидолла ДӘУЕШОВТІҢайтуынша, әлдебір қалалық азамат 3 қабатты коттедж үйді басқа біреудің, яғни, көршісінің жер учаскесіне қателесіп салып алған көрінеді. Жер учаскесінің иесі сотқа шағымданған, ал, сот жауапкерді коттеджін бұзуға міндеттеген. Үй иесі заң бойынша белгіленген мерзімде сот талабын орындамағандықтан әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда, ол әлі күнге дейін сот шешімін орындауға асығатын емес. Жер иесі прокуратураға шағымданды, бұл жолы  «Сот үкімін, сот шешімін  немесе өзге де сот актісін орындамау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу ісімен қалалық ІІБ айналысуда.

Лев ГУЗИКОВ

2 маусым 2011, 01:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.