Американдық Facebook әлеументтік желісі WhatsApp смартфондары үшін мессенджер сатып алады. Мәміленің құны 16 млрд. долларды құрады, делінген компанияның мәлімдемесінде, деп хабарлады ҚазАқпарат РБК-ге сілтеме жасап.
16 млрд. доллардың 4 миллиардын компания қолма-қол төлейді, тағы 12 млрд.-ы – Facebook акцияларымен өтеледі. Компанияның мәлімдеуінше, WhatsApp негізін қалаушылардың бірі Ян Коум компанияның директорлер кеңесіне кіреді. «WhatsApp жуырда 1 миллиард адамды қосады. Бұл межені еңсеретін сервистің құндылығы өте жоғары», - деп мәлімдеді Facebook басшысы және негізін қалаушы Марк Цукерберг. WhatsApp мессенджерінің пайдаланушылар саны 450 миллион адамға жуықтайды. Ол мәтіндік хабарламаларды, суреттерді, бейне және аудио жазбаларын жіберуге мүмкіндік береді. Мессенджер барлық ірі ұялы тұғырнамаларда жұмыс істейді. 2012 жылдың жазында WhatsApp көмегімен 27 млрд.-қа жуық хабарламалар жіберілді.
Дереккөз: 24.kz