Жылыой ауданы прокурорының көмекшісі Еркін ШАНШАРОВ аудан аумағында қоршаған ортаны бүлдіру және оны заңсыз пайдалану фактісі анықталғанын хабарлады.
Қайда және кімнің тіркегені белгісіз, «Жұбантам» кен орнындағы поляк кәсіпорнының ұзындығы 30 метр, ені 20 метр, тереңдігі 1,5 метр болатын жерді қазып, құнарлы топырақты заңсыз пайдаланғандығы анықталып отыр. Бұл заң бұзушылықтарды жою туралы Атырау облысы бойынша экология Департаментіне прокурорлық акті енгізу арқылы шетелдік кәсіпорынның әкімшілік жауапкершілігі қаралып, айыппұл салынған. Мемлекетке 1 млн теңге көлемінде шығын өтелген.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА