Атырау, 26 қараша 20:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қашаған: Құбыр ауыстыруға дайындалуда

2 176 просмотра

NСОС баспасөз қызметі мұнай және газ құбырларын зерттеу, сондай-ақ зертханалық сынақтар қорытындылары әлі шыққан жоқ деп хабарлады. Олар 2014 жылдың алғашқы тоқсанында белгілі болады деп күтілуде. Алайда, NСОС құбырларды ауыстыру бойынша жасалатын жұмыстардың көлемін шамалап отырған сияқты.

Хабарламада былай жазылған: «Мұнай және газ құбырларын ауыстыру бойынша қажетті жұмыстардың көлеміне байланысты түрлі мөлшерде құбыр желілерінің сегменттері қажет болуы мүмкін. Сақтық шаралары ретінде, уақытты текке өткізбес үшін Консорциум әр түрлі сценарийлерге арналған қажетті мөлшерде құбыр сегменттерін әлеуетті сатып алуға тендерлік үдерісті бастады».

Бұған дейін NСОС газ кемуінің тікелей себебі құбырлардың сульфидтік шытынауы деп растаған болатын. NСОС баспасөз қызметі хабарлағандай, сульфидтердің әсерінен шытынау себептері талдануда: «Құбыр желілері үлгілеріне зертханалық талдау жасау мен модельдеу осы сәтте құбыр желілеріндегі техникалық талаптарды Қашаған кен орны жағдайында қолдануға болатындығын көрсетті және құбыр желілері Н2S және су бар ортада қолданғанда барлық жағдайларға төзе білетіндей етіп жобаланған».

TWI және басқа да мамандандырылған зертханалар жүргізген темір үлгілеріне анализ жасау нәтижелері 2014 жылдың алғашқы тоқсанының аяғына дейін белгілі болады.

Естеріңізге салсақ, D аралынан «Болашақ» мұнай және газды кешенді дайындау қондырғысына дейінгі газ құбыры мен кәсіпішілік мұнай құбырын құбырішілік диагностикалық құралмен зерттеу аяқталды. Баспасөз қызметі хабарлағандай, оның нәтижелері де талданып жатыр: «Кәсіпішілік газ құбырын құбырішілік диагностикалық құралмен тексеру аяқталды. Ақырғы есеп 2014 жылғы 28 қаңтарда алынды және қазір оны консорциум сарапшылары зерделеп жатыр, содан кейін ғана қажетті тексеру жүргізіледі. Барлық нәтижелер 2014 жылдың алғашқы тоқсанында шығады деп күтілуде».

Сәуле ТАСБОЛАТОВА
 

19 ақпан 2014, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.