Атырау, 29 қыркүйек 22:42
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Литвалық жүк көліктері туралы іс

3 187 просмотра

Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасы аса ірі көлемдегі экономикалық контрабанда фактісін анықтады.

Атырауда жұмыс жасайтын ЖШС өз әріптестерімен Литвадан әр түрлі тауарлар жеткізу шартын жасасады. Тауарлар 19 көлікпен келуі керек болатын. Атырау облысы аумағына, ЖШС мекенжайына, Литвадан тек қана үш жүк көлігі келді, олар да жеткізу мерзімдерін бұзған екен. Көліктер тауарларымен бірге Атырау қаласындағы уақытша сақтау қоймасына қойылды. Қалған тауар тиеген 16 жүк көлігі ақыры Атырауға келмеді, олардың қай жақта жүргені қазіргі уақытта белгісіз.

- Ілеспе құжаттарындағы деректерге сәйкес, 19 автокөліктегі тауарлардың жалпы құны 463 мың долларды құрайды. Кедендік шекарадан өткен күніндегі бағаммен есептегенде бұл сома 71 034 852,30 теңгені құрады. Халық тұтыну тауарларын тиеген үш жүк көлігін біздің қызметкерлер тексергенде құнында, салмақтарында айырмашылықтар, сондай-ақ тауар атауларының сәйкес келмеушілігі анықталды. Осылайша, мемлекетке кедендік төлемдер мен алымдарды төлемеу салдарынан 170 млн теңге шығын келтірілді, - дейді КБД баспасөз қызметінің өкілі Айсұлу ТӨЛЕУІШОВА.

Сонымен қатар, бұл тауарлардың бастапқы белгіленген жеткізу орны Маңғыстау облысы бойынша КБД қызмет аймағы болған. Алайда өткен жылдың аяғында ЖШС өтініші негізінде автокөліктерді алға қарай тазалау үшін Атырау облысы бойынша КБД қызмет аймағына жіберген. Бұл өзгерістер қандай мақсатта жасалғанын кеденшілер тергеу барысында анықтайтын болады. ҚР ҚК 209-бабы 2-тармағы («Жалған декларацияланған аса ірі көлемдегі тауарларды немесе басқа да заттарды, кедендік шекарадан өткізу») бойынша қылмыстық іс көтерілді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 ақпан 2014, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.