Атырау, 26 қараша 20:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Шетелге әуе қатынасы қымбаттады

1 616 просмотра

«Эйр Астана» доллар бағамының көтерілуіне байланысты халықаралық рейстерге билет құнын 7-10 пайызға көтеріп жіберді. Ал теміржолшылар билет бағасын әзірге қымбаттатпайды.

- Доллар бағамының өзгеруі кейбір халықаралық рейстер билеттерінің құнын 7-10 пайызға көтеруге алып келді. Себебі, єуе компаниясы өз табысыныњ 70 пайызын тењгемен алады, алайда шығынның 65 пайызы шетелдік валютамен есептеледі. Бұған халықаралық әуежайлардағы қызмет көрсету, лизингтік төлемдер, сақтандыру, техникалық қызмет көрсету, қосымша бөлшектер және тағы басқалар кіреді, - деп хабарлады «Эйр Астана» єуе компаниясыныњ жұртшылыќ-пен байланыс Департаментінің өкілі Тілек АБДРАХИМОВ.Ал ішкі рейстердің бағасы бұрынғысынша қалады. Алайда, егер әуе отынының, навигация қызметтерінің, әуежайлардың, авиациялық медицина орталықтарының және басқа да монополиялық жеткізуші қызметтерінің бағасы көтерілмеген жағдайда. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Тимур АСЫЛХАНОВТЫҢайтуынша, теміржол компаниясы, теңге девальвациясына қарамастан, жолақы құнын өсіруді жоспарлап отырған жоқ. Естеріңізге салсақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ биылғы жылдың қаңтарынан бастап тасымал қызметінің тарифін 7 пайызға көтерген болатын.

Қазіргі уақытта теміржолшылар субсидияланбаған тасымал қызметі билеттерінің бағасын реттеу мәселесін талқылауда.

- Кейбір маршруттар ішінара мемлекеттен қаржыландырылады, сонымен қатар толықтай біздің компания қаржыландыратын арнайы маршруттар да бар, мәселен, «Тұлпар» және «Тальго» жүйрік пойыздарының қозғалысы. Сондықтан, билет алынған уақытқа байланысты арнайы тарифтер енгізу жоспарланып отыр: егер, мәселен, билет 45, 20 күн бұрын сатып алынса, соғұрлым арзанға шығады. Иә, арзандау, қымбаттату туралы әңгіме мүлде жоқ,- дейді Тимур Асылханов.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

20 ақпан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.