Атырауда әуежайға баратын жолда «Уорли Парсонс» компаниясының кеңсесі жанынан Неке сарайының құрылысы басталды.
Құны 1,6 млрд теңге тұратын нысанды тапсыру мерзімі биылғы жылдың қазанына белгіленген. Жобаға қарағанда, сәулетті ғимараттың қысқа мерзім ішінде тұрғызылып жатқан себебі онда жылдың соңындаНұрсұлтан НАЗАРБАЕВ менВладимир ПУТИН қатысатын Қазақстан-Ресей экономикалық форумын өткізу жоспарланып отыр.
«Батыс Альянс Строй» мердігер компаниясы іргетасын қалау жұмысына кірісіп кетті. Компания директоры Әділ ЖҰБАНОВТЫҢ айтуынша, құрылыс алаңында төмен температурада бетон құюға арналған жабдық бар.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген автор