Ақпанның 6-сына қараған түні белгісіз біреу кілт салу арқылы Азаттық даңғылы бойындағы шаштаразға кіріп, шаштараздардың жеке бұйымдарын ұрлап кеткен. Зиян мөлшері 81 мың теңгеге бағаланды. Күдіктіге - Привокзальныйдың 29 жастағы тұрғынына іздеу жарияланды.
***
Ақпанның 8-де кешке Махамбет көшесінің бойындағы сауда үйінде 35 жастағы ер адамның күртесінің қалтасынан ұрылар құны 50 мың теңге тұратын ұялы телефонын суырып алған. 35 жастағы әйел адам ұрлық жасады деп күдіктелуде. Іздеу жарияланды.
***
Полицияға 74 жастағы зейнеткер шағымданды: 44 жастағы танысы одан 10 мың теңге қарызға алып, ұзақ уақыт бойына қайтармаған екен. Борышкерге іздеу жарияланды.
***
Ақпанның 9-да күндіз Сарыөзек ауданында Атырау-Астрахань тас жолынан полицейлер 31 жастағы Атырау қаласының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Тойота-Королла» көлігін тоқтатты. Салоннан ілеспе құжатсыз 215 келі қара балық табылды.
***
Ақпанның 8-де кешке «Күзет» күзет қызметінің қызметкері жұмыстан тыс уақытта №2 маршрут автобусынан 24 жастағы жолаушының сөмкесінен әмиян ұрлаған 25 жастағы қалта ұрысын қылмыс үстінде ұстады. Ұрының екі сыбайласы көзден таса болды. ҚР ҚК-нің 175-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әмиян қожайынына қайтарылды.
***
Полицияға Құлсары қаласының 45 жастағы тұрғыны шағымданды: 30 жастағы ақтөбелік әйел өткен жылдың мамырында контейнер әкеліп беруге уәде беріп, жарты миллион теңгесін алып, ғайып болған. Тергеу жүргізілуде.
***
Криминалдық полиция былтыр қарашада Атырау қаласында және биылғы қаңтарда Астана қаласында ұрлық жасады деп күдіктелген Атыраудың 25 жастағы тұрғынын ұстады. ҚР ҚК-нің 175-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
***
«Контрафакт» операциясының барысында 11 ақпанда «Насиха» сауда үйінің маңынан қарақшылық DVD-диск сатып тұрған Атыраудың 49 жастағы тұрғыны ұсталды. Сол күні Құлсары қаласының орталық базарының маңында осындай іспен айналысқан 29 жастағы әйел ұсталды. Тауар тәркіленіп алынды.
***
Полицияға СМП-163 ықшамауданының 43 жастағы кәсіпкері хабарласты: оның дүкенінде 26 қаңтардан 6 ақпанға дейін жұмыс жасаған 25 жастағы сатушы қыз 120 мың теңге көлеміндегі түсімді иемденіп алған екен. Тексеру жүргізілуде.
В Атырау +3