Атырау, 24 желтоқсан 17:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Ағаштарға соқтықпасаң сотқа да бармайсың

2 711 просмотра

Ағаштарды отағаны үшін Нұрсая ықшам ауданының тұрғыны көршісімен соттасуға дайын.

Осыдан бір жыл бұрын салынып жатқан осы ықшамаудандағы көп пәтерлі үйге екі жүздей отбасы қоныстанған. Сол кезде мұғалімдер, медицина қызметкерлері, сондай-ақ, қалалық ІІБ-нің учаскелік инспекторлары қоныс тойын тойлаған еді. Жаңа тұрғындардың бірі, Аманжол АЖИМОВ ақтеректердің бірнеше көшеттерін сатып алып, сол 2010 жылдың жазында өз дәлізінің маңына отырғызған екен. «Аула бағбанының» еңбегі ақталып, бір жылдан кейін теректер жайқалып өсіп, екінші қабаттағы оның балконына дейін жетіп қалған.

Алайда, күндердің күнінде Аманжол үй алдындағы теректерін таба алмай қалады. Олардың орнында тек діңі ғана қалыпты. Жақын маңдағы қоқыс контейнерлерінен шабылған теректің жапырақтары түсіп үлгермеген бұтақтарын тауып алады. Қастық жасаушыны табу қиынға түспеген. Өз әрекетінен еш оғаштық көрмеген бір қабат жоғарыда тұратын көршісі өз көлігін түнде терезесінің алдына қойған кезде ағаштардың бұтақтары көлігінің әйнегін сызып тастайтынын түсіндірген.

Келесі күні Аманжол қайтадан өсіп кетер деген үмітпен ағаштарының түбірі өскен жерді қоршап тастаған. Көп ойланбастан, көршісі бұл қоршауды да жұлып тастап, оның орнына өз машинасын қойған.

«Мен мұндай арсыздыққа шыдай алмадым, - дейді көршісінің қылығын еске түсірген Аманжол. – Бұл соғыс жариялағанмен бірдей. Не істерімді білмей, мұндай жағдайда не істеуге болатынын түсіндіріп беру үшін газетке хабарласуды ұйғардым. Әйтпесе, енді оның мұрнын бұзбаймын ғой».

Біз ПИК-тер ассоциациясының төрағасы Асылбек МҮЛІКОВ пен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және көлік жолдары бөлімінің бастығы Жұмабай ҚАРАҒАЕВҚА хабарластық. Біздің сауалымызға тек бұлардың екіншісі ғана жауап беріп, көршісінің ағаштарды кесуге ешқандай құқығы жоқ екенін айтты. «Ажимов мырзаның оны әкімшілік жауапкершілікке тартуға толықтай құқығы бар», - деп жазады Ж.Қарағаев.

- Мен сотқа беремін. Оны жауапкершілікке тартпайынша тыныш таппаймын, - деп ызаланады Аманжол. – Біреудің ағаштарын жоюға болмайтынын ол түсінсе деймін.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген В. Истомин

26 мамыр 2011, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.