Атырау, 29 қыркүйек 22:27
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Аудан жаңалықтары

1 354 просмотра

Дәрігерлер қат

Құрманғазы ауданында дәрігерлер тапшы. Бұл, әсіресе, аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдарда қатты сезіледі.

Өткен жылы ауданға тұрақты жұмысқа келгентөрт дәрігерді баспанамен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 9,8 млн теңге, ал 16 медицина қызметкеріне көтерме жәрдемақы төлеу үшін 2 млн теңге бөлінген. Қолға алынып жатқан шараларға қарамастан, бүгінде аудан бойынша әлі де 15 дәрігер жетіспейді.

***

 

«Сыбағадан» құр қалмады

Облыстағы кейбір шаруа қожалықтары мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидияларға ие бола бастады.

Соның ішінде ірі қара өсіруге атсалысқан 8 шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 19,5 млн теңге субсидияға қол жеткізді. Ал тағы 9 шаруа қожалығы «ҚазАгроҚаржы» АҚ Атырау облысы филиалы арқылы лизингке 26,8 млн теңгеге ауылшаруашылық техникаларын алды.

 

***

Қасқыр ату жалғасуда

Жылыой ауданында қасқыр аулау науқаны жалғасын тапты.

- Қаңтар айының өзінде әуесқой аңшылар 8 қасқырды атып алды. Біз түз тағыларымен күрес іс-шарасын жалғастыра береміз, - дейді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Жәрдемғали АХМЕТОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 ақпан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.