Атырау, 26 қараша 20:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Бақша бақылауға алынды

2 035 просмотра

Атырауда 21 балабақша бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілді. Оларды қондыру республикалық бюджеттен қаржыландырылды (34,5 млн теңге).

- Бұл тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулықтарын қорғау үшін, сондай-ақ, балаларын алып келіп, алып кететін кезде ата-аналардың жеке заттарының жоғалып кетпеуі үшін жасалды, - дейді қалалық білім беру бөлімінің басшысы Алпамыс ҒИЛЫМОВ.

№26 балабақша директоры Гүлжан МУСИНАНЫҢ айтуынша, камералар қондыру туралы мәселені жиналыста ата-аналардың өздері көтерген.

- Міне, өткен жылдың аяғынан бастап бізде бейнеқадағалау жүйесі пайда болды. Балабақшаға барлығы 24 камера орнатылды. Сыртқы камералар ғимаратқа кіру есіктері мен ойын алаңқайын түгел қамтиды. Ішкі құрылғылар сатыларға, дәліздерге және кіші топтың қабылдау бөлмесіне қондырылды. Енді балабақша аумағына, ғимаратқа кірген бөтен және күмәнді адамдарды, сондай-ақ, ойын алаңқайындағы балаларды бақылап отыруға болады. Бұл қондырғылардың пайдасы өте зор деп ойлаймын.

Бейнеқадағалау камералары басқа балабақшаларға қондырыла ма, осындай жұмыстар мектептерде жүргізіле ме, ол жағы әзірге белгісіз. Бүгінде бейнеқадағалау жүйесі тек бір мектепте ғана бар, ол да демеушілік қаражаттар көмегімен қондырылған.

Тамара СУХОМЛИНОВА

13 ақпан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.