Атырау, 30 қыркүйек 22:15
 дождьВ Атырау +20.7
$ 439.37
€ 498.60
₽ 5.22

Әзірге бәрі жеткілікті

1 555 рет қаралды

Атыраулық дәріханаларға ресейлік дәрі-дәрмектер жеткізу уақытша тоқтатылды.

– Ешқандай дефицит болмайды, – дейді Медициналық және фармацевтикалық қызметтерді бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті директорының орынбасары Алма САРБАЕВА. – Біріншіден, дәрілерді алдын ала сатып алып қояды, яғни, қор жеткілікті. Ал екіншіден, басқа елдерде дайындалған осындай препараттарды кез келген дәріханалардан табуға болады.

Қазақстанға дәрілерді жеткізуді тоқтатудың себебі – көршілеріміз қазір GMPжаңа халықаралық стандарттарға көшіп жатыр. Ресейлік БАҚ-тар хабарлағандай, жеткізу сәуірден бастап қалпына келтіріледі.

Анастасия ПАСТУХОВА

GMP (Good Manufacturing Practice) – «тиісті өндірістік тәжірибе». Бұл дәрі-дәрмектер, медициналық құрылғылар, азық-түлік өнімдері, тамақ қоспалары өндірісінің барлық өндірістік үдерістерін нақтылайтын нормалар мен ережелер жүйесі. Ресей медицина қызметкерлері, сондай-ақ, фармацевтері жаңа стандарттармен осы жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс жасаулары керек еді.

13 ақпан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.