Атырау, 29 қыркүйек 22:39
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Білімпаздар клубы

2 125 просмотра

Жақында облыстық өлкетану музейінде орта және жоғары сынып оқушыларына арналған «Жас экскурсия жетекшісі» клубы жұмыс жасай бастады.

– Біз балаларға музейлердің пайда болу тарихын, музей ішінде өзін ұстау ережелерін, музей терминдерімен таныстырамыз. Ең бастысы – оларға музей ішінде экскурcия жүргізуді үйретеміз. Олар келушілерге бірнеше экскурсия жүргізіп те үлгерді, – деді облыстық музейдің экскурсия бөлімінің меңгерушісі Оксана ӘЛЖАНОВА қуанышын жасыра алмай. – Биыл өз қызметтерімізді кеңейтіп, сыртқы сабақтарды жүргіземіз деп жоспарлап отырмыз, балалар тек музей ішінде ғана емес, қала бойына экскурсия жүргізуді үйренетін болады. Ал курс аяқталғаннан кейін сертификат алады.

Клуб белсенділері музей жұмысына тікелей араласа алады, яғни, штаттағы қызметкерлермен бірге экспозициялар мен көрмелерді ұйымдастырады, байқаулар, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізуге көмектеседі.

Жақын арада клубымызға «Мүгедек Әлемі» қоғамдық бірлестігінен жастарды шақыруды жоспарлап отырмыз. Олар біздің ұсынысымызды қабыл алды, – дейді О. Әлжанова.

Тамара СУХОМЛИНОВА

13 ақпан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.