Атырау, 22 мамыр 15:27
 ашықВ Атырау +19
$ 510.59
€ 578.91
₽ 6.37

Қарақшылар букмекерлік кеңсені тонап кетті (толықтырылды)

2 808 просмотра

7 ақпан күні сағат 10.00-да Құлсары қаласындағы букмекерлік кеңселердің бірінде қарақшылық шабуыл жасалды.

Бетперде киген белгісіз екі адам букмекерлік кеңсесіне басып кіріп, қызметкерді пышақпен қорқытып, кассадан 780 000 теңгені алып кеткен.

Жылыой ауданы прокурорының көмекшісі Аманжол ҚАБДУЛОВТЫҢ айтуынша, бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 179-бабы, 2-бөлімімен («Қарақшылық») қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

9 ақпан күні облыстық ІІД-нің криминалдық полиция басқармасы мен Жылыой ауданының ІІБ-нің қызметкерлері осы қылмысты жасады деген екі күдіктіні ұстады.

- Біреуі Құлсарыда, екіншісі Атырауда ұсталды. Бұл  1992 және 1993 ж.т. Құлсары қаласының тұрғындары, екеуі де жұмыссыз, бұрын сотталмаған, - дейді ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА. – Заттай айғақтар ретінде бетперде мен тоналған ақшаның бір бөлігі алынды. Екеуі де кінәларын мойындап, жауап берді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына тоғытылған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

10 ақпан 2014, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.