Атырау, 4 мамыр 17:48
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Атыраудағы әріптесі: «Питер осындай масқара іспен айналысады деп ешқашан ойламаған едім»

2 805 просмотра

Питер Барох. Фотоcурет: Питер Барох. Фотоcурет: "Уральская неделя".7 ақпанда жас балаларды азғындыққа итермеледі деп айыпталған Ұлыбритания азаматы Питер БАРОХ Батыс Қазақстан облыстық сотының шешімімен үш тәулікке қамалды.

Бұдан бұрын, 5 ақпанда Орал қаласының қалалық соты адвокат Хамит ХОДЖАНАЗАРОВТЫҢ клиентіне қарсы істі жабуды талап еткен апелляциясын қанағаттандырған еді. Өйткені, оның пікірінше, мейманхана нөмірінен тінту кезінде порнографиялық материалдар тауып алған полицейлердің әрекеті заңсыз болған (атап айтқанда, шетелдікке аудармашы ұсынбаған және оның құқығын түсіндірмеген). Ал оның құрбанына айналған қыздардың аналары қыздарының Барохпен орыс тілінде еркін сөйлескендерін айтады.

Қалай болғанда да, Орал қалалық прокурорының наразылығы бойынша облыстық сот қалалық соттың шешімін жойып, П.Барохты қамауға алу туралы шешім қабылдады.

Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі Барохтың үстінен кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарынан алты арыз (үшеуі Оралдан және үшеуі ол біраз уақыт тұрып, жұмыс істеген Атыраудан) түскенін хабарлады.

Күдікті «ЖайықМұнай» мұнай компаниясының қызметкері болып табылады. «Ақ Жайық» тілшісіне Барохтың бұрынғы әріптесі, қазір Атырауда жұмыс істейтін шетелдік былай деп әңгімеледі:

- Ол Атырауға Шелл компаниясынан іссапарға жіберіліп, Blue Roof ғимаратында, содан кейін Agip компаниясының бас кеңсесінде 2010 жылдан бастап жұмыс істеді. Онымен ұзақ мерзімді келісімшарт жасалған. Питер осындай масқара іспен айналысады деп ешқашан ойламап едім. Ол жақсы маман әрі Қашаған кенішін іске қосу жөніндегі команданың топ-менеджерлерінің бірі болды.

Естеріңізге салсақ, 38 жастағы Питер Барух Оралдағы «Шағала» мейрамханасындағы өзінің мейманханалық нөмірінде 12-13 жастағы жалаңаш қыздарды бейнетаспаға түсірген деп күдіктелген еді (Атырауда да осындай әрекет жасаған деп расталып отыр). Батыс Қазақстан облыстық ІІД мәліметтері бойынша, ол қыздарға бейнежазбаға түскендері үшін 10-15 мың теңгеден төлеген. Алынған материалдарды оның ғаламторға салғандығын полиция жоққа шығармайды.

Барохтың мейманханадағы нөміріне тінту жүргізген оралдық полицейлер өздерін терезеден көрген оның ноутбукке, флэш-картаға және бейнекамераға арақ құйып (бұрын хабарланғандай су емес), айғақтарды жоюға әрекеттенгенін айтады. Алайда сот сарапшылары осы құрылғының ішіндегілерді қайта қалпына келтіріпті.

Питер Барохқа ҚР ҚК-нің: 273-бап «Порнографиялық суреттері бар материалдарды жасау және тарату (6 жылға дейін бас бостандығынан айыру)» және 124-баптың 3-тармағы «Жас балаларды әлденеше рет азғындату (9 жылға дейін бас бостандығынан айыру)» деген екі бабы бойынша айып тағылып отыр.

Зинат ОРЫНБАСАРОВА

8 ақпан 2014, 20:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.