Атырау, 29 қыркүйек 20:37
 ашықВ Атырау +13
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстандық спортшыларға жанкүйер болайық

2 342 просмотра

Бүгін, 7 ақпанда Сочиде  қысқы XXII Олимпиадалық ойындар ресми түрде басталады. Ойындар аясында спортшылар 15 спорт түрінен 98 медальді таласқа салады. Мұнда Қазақстан атынан 10 спорт түрінен 52 спортшы қатыспақ. Астана Сочиде алынған жүлделерге сыйақы беру мөлшері 2012 жылғы Лондон Олимпиадасындағыдай болады деп мәлімдеді:  «алтын» - 250 мың доллар, «күміс» - 150 мың доллар, «қола» - 75 мың доллар. Алтыншы орынға дейін алған спортшылар да құр алақан қалмайды деп сөз беруде.  

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис ТЕНГЕ, конькимен жүгіру спортынан Азия чемпионы Дмитрий БАБЕНКОҒА, конькимен жүгіру спортынан әлем чемпионы Денис КУЗИНГЕ, шаңғы жарысынан әлем чемпионатының қола жүлдегері Алексей ПОЛТАРАНИНГЕ үлкен үміт артылып отыр.

Олимпиада екі қазақстандық арна - «KazSport» (көрсетілімдердің көп бөлігі) және «Хабар» телеарналарынан көрсетіледі.

7 ақпан

21.00-00.30 – Олимпиаданың ашылуынан тікелей көрсетілім (Атырау уақытымен, алға қарай да солай).  

8 ақпан

14.50-16.00  - шаңғы жарысы (скиатлон). ҚР құрамасынан қатысушылар - Елена Коломина, Анастасия Слонова, Татьяна Осипова.

19.20-20.55 – биатлон (спринт, 10 шақырым). Ян Савицкий, Антон Пантов, Диас Кеңесев, Александр Трифонов, Сергей Наумик (көрсетілімнің қайталануы - 00.35-02.35).

20.55-21.25 – фристайл (могул). Жартылай финал (квалификациялық раунд 6 ақпанда өтті). Юлия Галышева (финал - 22.55-00.35).

21.25-22.35 – трамплиннен секіру. Квалификациялық раунд. Алексей Пчелинцев.

00.35-02.35 – конькимен жүгіру спорты, 5000 м. Дмитрий Бабенко (қайталау - 09.10-11.50).

9 ақпан

12.00-14.10 – тау шаңғысы спорты (жылдамдықпен түсу). Игорь Закурдаев, Дмитрий Кошкин, Мартин Хубер.

14.45-16.30 – шаңғы спорты (скиатлон, 15 шақырым). Алексей Полторанин, Николай Чеботько, Марк Старостин (қайталау - 09.45-11.50).

19.15-21.10 – биатлон (спринт, 7,5 шақырым). Елена Хрусталева, Галина Вишневская, Дарья Усанова, Марина Лебедева, Алина Райкова (қайталау - 00.15-02.15).

10 ақпан

14.40-17.35 - шорт-трек. Абзал Әжіғалиев, Айдар Бекжанов, Аслан Даумов, Инна Симонова.

17.55-19.15 – конькимен жүгіру спорты (500 м, 1-жүгіріс). Роман Креч (2-жүгіріс 21.30-22.55).

19.50-20.50 – биатлон (қуу жарысы, 12,5 шақырым). Я.Савицкий, А.Пантов, Д.Кенешев, А.Трифонов, С.Наумик (қайталау - 21.00-22.30).

20.50-21.30 – фристайл. Квалификациялық кезең. Дмитрий Рейхерд, Дмитрий Бармашов, Павел Колмаков (финал - 22.55-00.35).

11 ақпан

14.50-18.50 – шаңғы тебу жарысы (спринт). Квалификация, ширек финал,  жартылай финал. А.Полторанин, Е.Коломина, Н.Чеботько, А.Слонова, Денис Волотка.

19.50-20.50 – биатлон (қуу жарысы). Е.Хрусталева, Г.Вишневская, Д.Усанова, М.Лебедева, А.Райкова.

20.50-22.05 – конькимен жүгіруспорты (500 м). Екатерина Айдова (қайталау - 00.05-01.40).

12 ақпан                              

18.55-20.40 конькимен жүгіру спорты (1000 м). Денис Кузин, Александр Жигин, Федор Мезенцев.

13 ақпан

14.55-17.30 - шорт-трек. А.Бекжанов, Инна Симонова, Нұрберген Жумағазиев.

20.00-00.30 – мәнерлеп сырғанау (қысқа бағдарлама). Абзал Рақымғалиев, Денис Тен.

00.30-02.20 – шаңғы жарысы (10 шақырым). Т.Осипова, А.Слонова, Е.Коломина.

02.30-04.05 – конькимен жүгіру спорты (1 шақырым). Е.Айдова.

14 ақпан

10.00-11.50 – биатлон (жеке жарыс, 20 шақырым). Я.Савицкий, А.Пантов, Д.Кеңесев, А.Трифонов, С.Наумик.

11.50-13.30 – тау шаңғысы спорты (шапшаң түсу). И.Закурдаев, Д.Кошкин, М.Хубер.

14.40-16.55 – шаңғы жарысы (15 шақырым). А.Полторанин, Д.Волотка, Ердос Ахмадиев.

17.30-18.50 – тау шаңғысы спорты (слалом) кедергілер арқылы түсу). И.Закурдаев, Д.Кошкин, М.Хубер.

20.00-00.25 – мәнерлеп сырғанау (ерікті бағдарлама). А.Рақымғалиев, Д.Тен.

15 ақпан

08.20-10.50 – фристайл (акробатика). Квалификациялық кезең, финал. Жібек Арапбаева, Жанбота Алдабергенова.

20.00-22.00 – конькимен жүгіру спорты(1500 м). Д.Бабенко, Д.Кузин, А.Жигин, Ф.Мезенцев.

00.30-02.05 - шорт-трек (1 000 м, 1500 м). А.Даумов, И.Симонова, Н.Жұмағазиев.

16 ақпан

11.50-14.10 тау шаңғысы спорты (супергигант). И.Закурдаев, Д.Кошкин, М.Хубер.

14.50-17.30 – шаңғы жарысы (эстафета 4х10 шақырым). Н.Чеботько, М.Старостин, Д.Волотка, Евгений Величко.

19.50-21.00 – биатлон (масс-старт). Я.Савицкий, А.Пантов, Д.Кенешев, А.Трифонов, С.Наумик.

00.30-02.25 – конькимен жүгіру спорты (1500 м). Е.Айдова.

17 ақпан   

18.40-19.50 – фристайл (акробатика). Квалификация. Сергей Берестовский (финал 22.25-23.35).

19.50-20.55 – биатлон (масс-старт, 12,5 шақырым). Е.Хрусталева, Г.Вишневская, Д.Усанова, М.Лебедева, А.Райкова (қайталау - 00.10-01.40).

18 ақпан

11.55-14.00    - тау шаңғысы спорты (гигант слаломы). 1-әрекет. Екатерина Черепанова (екінші әрекет 16.30-17.55).

14.25-16.30 - шорт-трек. А.Бекжанов, И.Симонова.

17.55-21.00 – конькимен жүгіру спорты (10 000 м). Д.Бабенко (қайталау - 22.00-01.05).

19 ақпан

10.10-11.55 - сноуборд. Валерия Цой (финал 18.00-19.20).

11.55-14.00 – тау шаңғысы спорты (гигант слаломы). 1-әрекет. И.Закурдаев, Д.Кошкин, М.Хубер (2-әрекет 21.00-22.00).

14.05-15.00  -  шаңғы жарысы (командалық спринт). Квалификация. А.Полторанин, Н.Чеботько (финал 16.35-18.00).

19.20-21.00 - биатлон (аралас эстафета). Я.Савицкий, Е.Хрусталева, А.Пантов, Г.Вишневская (қайталау - 00.30-02.40).

20 ақпан – қазақстандықтар бұл күні өнер көрсетпейді.

21 ақпан

19.20-21.00 - биатлон (эстафета 4х6 шақырым). Е.Хрусталева, Г.Вишневская, Д.Усанова, М.Лебедева, А.Райкова (қайталау - 00.30-02.40).

21.00-22.00 – тау шаңғысы спорты (слалом). 1-әрекет. Екатерина Черепанова (2-әрекет 02.30-03.45).

22 ақпан

12.45-14.20 – сноуборд (параллельді слалом). Квалификация.  Валерия Цой (финал - 16.25-18.35).

14.20-16.25 – шаңғы жарысы (масс-старт, 30 шақырым). А.Слонова, Е.Коломина, Т.Осипова.

19.20-21.00 – биатлон (эстафета 4х7,5 шақырым).  Я.Савицкий, А.Пантов, Д.Кенешев, А.Трифонов, С.Наумик.

01.30-02.45    - тау шаңғысы спорты (слалом). И.Закурдаев, Д.Кошкин, М.Хубер

23 ақпан                              

11.50-14.25 – шаңғы спорты (масс-старт, 50 шақырым). А.Полторанин, Н.Чеботько, М.Старостин, Е.Величко, Д.Волотка, Сергей Черепанов, Р.Рогозин, А.Слонова, Т.Осипова, Ердос Ахмадиев.

21.00-23.30 – Олимпиаданың ресми жабылу салтанаты.     

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 ақпан 2014, 13:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.