Бүгін, 6 ақпанда түстен кейін ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ жұмыс сапарымен Атырауға аяқ басты. Президентпен өңірлік даму министрі Болат ЖӘМІШЕВ еріп келді.
Президенттің салтанатты шеруі әуежайдан Нұрсая ықшамдауданындағы химиялық-биологиялық бағыттағы зияткерлік мектебіне бағыт алды. Содан кейін елбасы Атырау мұнай өңдеу зауытына барып, «Хош иісті көмірсутек өндіру кешенінің құрылысы» және «Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы» инвестициялық жобаларының жүзеге асу барысымен танысты.
Осыдан кейін АМӨЗ-дің отырыс залында президент облыс кәсіпкерлерімен кездесті.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА