Атырау, 24 қараша 06:13
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мүгедек күйеуін жауыздықпен өлтірген әйел жазасын тартты

2 577 просмотра
АҚШ-тың Техас штатында мүгедек күйеуін қорлап өлтірген 59 жасар Сюзанн Бассоға қатысты өлім жазасы орындалды, деп хабарлайды Лента.ру Associated Press-ке сілтеме жасап. Жаза арнайы екпе-дәрі арқылы жүзеге асты. 

 Бассо АҚШ-та 1976 жылы өлім жазасына салынған уақытша тыйым алынып тасталғалы бері жазасын тартқан 14-ші әйел. Есесіне, осы уақыт аралығында өлім жазасы орындалып үлгерген ер азаматтардың саны – 1400.

Сюзанн Бассо жазаның аса ауыр түріне 1998 жылы кесілген болатын. Әйел адам отбасын құру сылтауымен Нью-Джерсидің психикалық ауытқуы бар 59 жасар тұрғыны Луис «Бадди» Муссоны өзімен бірге тұру үшін Техасқа көшіп келуге көндіреді. Біраз уақыт өткен соң Муссоның мәйіті қорлықпен жасалған түрлі жарақаттармен Хьюстон қаласының сыртынан табылады. Сол арада қаза болған ер азаматтың «қалыңдығы» сақтандыру ақшасын талап ету үшін құзырлы мекемелерге де жүгініп үлгеріпті.

Өлімге кесілген әйел жазаны жұмсартқызу үшін біраз тырысып бақты. Тіпті, оның жақтаушылары әйелдің есі ауысқан деген сылтаулар да келтірген. Алайда, барлық сот инстанциялары Бассоға қатысты өлім жазасын алып тастаудан бас тартты.

Бассо 2014 жыл басталғалы бері Техаста өлім жазасын тартқан екінші адам. 

Дереккөз: bnews.kz

6 ақпан 2014, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.