Атырау, 26 қараша 20:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Рысқалиевтың ҰҚТ соты. Аманжан РЫСҚАЛИДЫҢ бейнеүндеуі

3 786 просмотра

6 ақпанда Атырау қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта куәгерлерден жауап алу жалғасын тапты. Сот қашып жүрген Аманжан РЫСҚАЛИДЫҢ бейнежазбаға түсірілген үндеуін көрсетті. Жазба уақыты 2013 жылдың 23 ақпаны деп белгіленген. Сот адвокат Т.Мұқатановтың өтініші бойынша №2 Атырау сотынан бейнематериалды сұратқан. Алайда отырыста бейнежазбаның қалайша басқа қылмыстық іс бойынша сот материалдарына түскені түсіндірілмеді.

Өз бейнеүндеуінде Аманжан Рысқали «АБ Групп» компаниясы салған Сәтпаев, 35 мекен-жайындағы 9 пәтер бойынша келісім жасау жөніндегі өз нұсқасын баяндаған. Естеріңізге салсақ, пәтерлерге қатысты бұл эпизодты сот жеке блокқа бөлген болатын. Қазір осы блок қарастырылып жатыр. Атап айтқанда, куәгерлерден жауап алу жалғасуда. А.Рысқалидың үндеуін назарларыңызға ұсынамыз:   

 «Мен АЛИЕВ Назмимен (сотта оны «АБ Групп» құрылтайшыларының бірі деп атады – С.Т.) бірнеше жыл бұрын таныстым, анда-санда кәсіпкерлік жағдайда кездесу болғандығын растаймын. Қазір дәл есімде жоқ, алайда 2005 жылдың аяғында не 2006 жылы ма, өзінің Сәтпаев көшесінде көп қатарлы үй салып жатқандығын айтып, оны аяқтауға қаражатының жетпейтіндігін, сол себепті ақшалай көмек көрсетуді сұрап келгені бар еді. Алайда ол берген ақшаны, қарызды ешқашан қайтармайтындығы туралы бұрыннан естіп жүрдім. Соны ескеріп, қарыз бере алмайтындығымды ашып айттым. Алайда ол сол салынып жатқан үйден арзан бағаға орнына қайтарып беретіндігін, сұраған ақшасының көлемінде құрылысынан беретін болды.

Сұраған ақшасы 900 мың АҚШ доллары көлемінде болды. Содан екеуміз келісіп, өз жеке қаражатымнан бірнеше күннен кейін өзімнің кабинетімде Алиев Назмиге тоғыз пәтердің ақшасын толығымен төледім. Яғни, келісілген қаражатты толығымен бір мезетте бердім. Содан соң офисте жұмыс істейтін Самат атты заңгер жігітке бәрін тексеріп, мен айтқан адамдарға тоғыз пәтердің келісімшартын жасатуды тапсырдым. Бірнеше күннен кейін ол қол қойылған келісімшарттарды әкеліп көрсетті. Құрылыс аяқталып, үй тапсырылғаннан кейін мен өз қалауым бойынша кейбір пәтерлерді өзімнің жолдас жігіттеріме арзандау бағамен сатып, қалған пәтерлерді нарықтық бағамен саттым. Аталған мән-жайды Алиев Назми қол қойып, толықтай растауға тиісті. Мен сол кезде тоғыз пәтерге келісімшарт жасақталып, сол шарт бойынша өзіме сенімді адамдардың есімдері үй иесі ретінде жазылған соң, Алиевтан қандай болса да қолхат алмадым. Алайда шартта тоғыз пәтердің құны толық көлемде алдын ала төленгенін, және құрылыс компаниясының сол көрсетілген тоғыз пәтерге ақшалай талабы жоқ екендігі анық көрсетілген. Сол себепті одан қысылмаймын, БТИ-да және әділет департаментінде осы келісімшарттардың бәрі бар.

Қазіргі уақытта 9 пәтерді заңсыз жолмен иемденді деген лақап арызбен толықтай келіспеймін. Өйткені ол шындыққа сәйкес келмейді. Осы уақытқа дейін маған тағылған айып тап-таза қолдан жасалған және әлдебір саяси топтың тапсырмасы екені анық көрініп тұр. Жағдайы жоқ, аз қамтылған отбасылар мен мүгедектерге, көп адамдарға көрсеткен көмегімнің айып ретінде көрсетіліп отырғаны бекер екенін халық айтсын. Атыраулықтар өмірімде бірде-бір адам баласына бір тиын бережақ боп көрмегенімді, сол себепті мұндай іске бармағанымды және бармайтынымды біледі.   

Егер осы уақытқа дейін заңды жасаған кәсіпкерлігіме қолдан жасаған айып тағып, қылмыстық іспен қудаласа, тап солай түрмеге де отырғызуы мүмкін екенін ескеріп, осы сөзімді сот залына келіп айтуға кедергі келтіріп отыр. Бұл айтылған мән-жайдың толығымен шындық екендігіне сендіріп, жазықсыз Еркін Молдашевқа және де басқаларына кінә тақпауларыңызды сұраймын».

 

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті және бейнежазбаны түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

6 ақпан 2014, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.