– Шекараға әуе билетін сатып аларда бізге әуелі ата-анасының бірінің төлқұжатына сәбидің фотосуретін жапсыруды сұрады. Оны қайда жасайды, қандай құжаттар қажет және бұл процедура қанша уақыт алады?
Телефон арқылы
Кәмелетке толмаған сәбидің фотосуретін төлқұжатқа жапсыру үшін Халық банкіне немесе «Қазпошта» бөлімшелеріне 1512 теңге (есеп-айырысу шоты 80900, дербес шоты – 108111) мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлеу керек. Туу туралы куәліктің көшірмесін нотариалды растап, төлқұжатына сәбидің фотосуреті жапсырылатын ата-ананың бірінің жеке бас куәлігі мен төлқұжатының көшірмесін, неке туралы куәліктің көшірмесін (егер ажырасқан болса, некенің бұзылғандығы туралы, егер неке тіркелмеген болса, әкелігін анықтау туралы анықтаманы), фотосурет жапсыруға екінші ата-ананың нотариалды расталған келісімін, Үй кітабының көшірмесі мен сәбидің өзінің 4,5х5,5 см өлшемдегі фотосуретін (кез-келген фотосалонда түсіреді) және сол жерде жазылатын типтік өтінішті ұсыну керек. Көші-қон полициясы басқармасында (облыстық ІІД ғимаратының аула жағында орналасқан) бұл процедура бірнеше минут уақыт алады. Сәбидің фотосуреті жапсырылған төлқұжат сол бойда беріледі.