Облыстық әкімдіктегі дереккөздердің ақпараты бойынша, 6 ақпан күні Атырауға президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ жұмыс сапарымен келмек.
Шамасы, президент Атырауға олимпиадалық Сочиге бара жатып, жолай соғып кетуді жөн көрген болуы керек. Естеріңізге салсақ, дүйсенбі күні ҚР президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай ӘБИБУЛЛАЕВ Астанада өткен брифингте Қазақстан президентінің 7 ақпанда болатын 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысатынын хабарлаған еді.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА