31 қаңтарда корей диаспорасының өкілдері Сольналь мерекесін – Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды атап өтті.
Сольналь кәрістер үшін отбасылық бірліктің символы. Бұл күні жастар отбасының үлкен мүшелеріне сыйластығын білдіруге барып, «себэ» рәсімін (бас ию) жасауы керек. Үлкендер өз кезегінде жастарға бата береді. Сонымен қатар, өмірден озған ата-бабалар әруағын еске алады. Бұл күнде жақсы көңіл-күйде болу жыл бойына жақсылықтардың көп болуына себепші болады, сондықтан да адамдар бұл күнді кең ауқымды тойлайды.
Атырауда «Тхоньил» корей этномәдени бірлестігі мерекеге барлық қатысқысы келетін адамдарға мүмкіндік жасады. Құрманғазы атындағы мәдениет үйінің фойесінде қонақтарға кәрістің ұлттық тағамдары – буға пісірілген пигоди, крахмалды пигоди, ақ шелпек чимпери, шәйға қосып жейтін қытырлақ тәтті – гадюри ұсынылды. Сондай-ақ, бұл жерде Оңтүстік Кореядан әкелінген тәтті тағамдар мен ескерткіш сыйлықтар қойылды. Қонақтардың нәзік жанды бір бөлігін оңтүстіккореялық косметикалық өнімдер қызықтыра түсті.
Қонақтарға ас берілгеннен кейін, мерекелік концерт болды. Онда «Тхоньил» әртістерімен бірге басқа ұлттық-мәдени орталықтардың өнерпаздары ән салып, би биледі. Қызықты да түрлі-түске боялған мереке болды. Бұл Қазақстан халқының әр алуандығын тағы бір еске түсіргендей.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ және автор